«Теңге операциясы»: Ұлттық валюта айналымға енген күн
15 қараша – Теңге күні. Осыдан 29 жыл бұрын Қазақстан рубль аймағынан шығып, ұлттық валютаны ресми түрде айналымға енгізді. Бұл Тәуелсіздікті тұғырлы еткен, абыройды асқақтатқан айрықша сәт еді. Қазір теңге халықаралық қаржы айналысында өзіндік орны бар, экономиканың қозғаушы күші, ұлттық ақша бірлігі...