Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ОБЛЫС ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАР ТІЛЕГІНЕ ҚҰЛАҚ ТҮРДІ

ОБЛЫС ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАР ТІЛЕГІНЕ ҚҰЛАҚ ТҮРДІ

Шиеліліктердің тілегі қандай? Тұрғындарды не мәселелер толғандырады? Осы және өзге де сауалдардың жауабын білу мақсатында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев аудан тұрғындарына жеке қабылдау өткізді. Айта кетейік, облыс әкімі бұған дейін 6 ауданның тұрғындарымен жеке қабылдауда болған.
Аудандық мәдениет үйінде өткен жеке қабылдауға облыстық сот төрағасы Әділхады Шығамбаев, облыс прокуроры Нұрлан Бижанов, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департаментінің бастығы Болат Қалмырзаев, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаменті басшысы Серікжан Мырзалы, облыстық полиция департаментінің бастығы Мұхтар Қожабаев, облыстық экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Бақыт Қайшыбеков және мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Ғани Аманов қатысты. Баспасөз беттері мен әлеуметтік желіде алдын ала берілген хабарландыруды естіп келген азаматтар өз мәселесін ашық түрде қоюға мүмкіндік алды.
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасына негізделген қабылдауда барлығы 80-ге жуық азаматтың өтініші қаралды. Оның ішінде облыс әкіміне 34 тұрғын тікелей өз сауалдарын жолдап, мәселесін жеткізді. Көпшілігі көпбалалы аналар мен мүгедектігі бар жандар және жұмыссыз жүрген азаматтар. Аудан тұрғындарын алаңдатқан мәселе жоқ емес. Кездесуге келген көпшілік тұрғын үй алу жолдарын сұрап, денсаулық жағдайына байланысты медициналық көмекке мұқтаж екенін айтып, сауалдарын жолдады. ­Сондай-ақ облыс әкімі ауылдардағы жол сапасын жақсартуды сұрап, ауыз су желілерін ­тарту және жаңа мектеп салу сынды әлеуметтік мәселе көтерген тұрғындарға нақты жауап беріп, ­жауапты сала басшыларына ­тапсырма берді.
Жеке қабылдауға келген ардагер ұстаз Қали Дүйсеманов ­аудан ұстаздарының аманатын жеткізді. Кенттегі №45 мектептің іргетасы мүжіліп, спорт зал қабырғалары құлағалы тұрғанын алға тартып, оқушыларға жаңа мектеп салу қажет екенін айтты. Іргетасының қаланғанына 60 жылдан асқан байырғы ғимаратқа қанша жөндеу жұмыстарын жүргізгенімен қазіргі заман талабына сай келмейді. Оқушының санының артуы да жаңа нысанның қажеттілігін сұрап тұр. Облыс әкімі бұл мәселені Мемлекет басшының Жолдауында айтылған «Жайлы мектеп» бағдарламасы арқылы шешуге мүмкіндік бар деп үн қатты.
Кездесуде облыс әкіміне тілегін жеткізген көп балалы ана Айкенже Шерімбетова мүгедектігі бар баласын емдетуге қол ұшын беруді сұрай келген. Денсаулығына байланысты Ташкентке жылына 4 рет алып баруға мәжбүр. Аймақ басшысы денсаулық сақтау басқармасының басшысына баланың денсаулық жағдайын бақылауға алып, бір жолғы еміне қолдау көрсететінін айтты. Ал жұбайын жұмысқа орналастыру үшін ­аудан әкіміне бос жұмыс орындар тізбесін саралай отырып, еңбекпен қамту жолдарын қарастыруды міндеттеді.
– Бұрын облыс орталығына барып, жеке қабылдауға кіру үшін кезегіңді күтіп, көптеген тексерістен өтесің. Бұл жолы әкім халықтың ортасына өзі келіп, өзекті мәселелерді шешуге ық­пал жасағаны тұрғындар үшін өте қолайлы әрі қуантарлық жағдай болды. Мен бір себеппен әкімге де, құқық қорғау органдарының басшыларына да кіріп, мәселемді жеткіздім, – деді аудан тұрғыны Тілеубек Бабасов.
Құқық қорғау органдарының басшыларына 40-қа жуық азамат өз мәселесін жеткізіп, заң аясында тиісті түсіндірме алды. Олар негізінен жер үлестерін бөлу, заңдық негізде көмек алу, шаруашылықты тіркеу және салық төлемдеріндегі проблемаларды шешу жолдарын сұрады.
Облыс әкімі жеке кездесуден кейін ­аудан ардагерлерімен жүздесті. Сәйкесінше ­облыста атқарылған жұмыстарға тоқталып, жетістіктерді айтып, алдағы уақытта үлкен жобалардың жүзеге асатынын жеткізді.Аймақ басшысы соңғы 6 ай ішінде өңірде жаңа әлеуметтік нысандар бой көтеріп, демеушілердің қолдауымен кешенді жұмыстар басталғанын да тілге тиек етті. Ауыл тұрғындары үшін өзекті саналатын газдандыру, жол салу, ауыз су және аяқ су мәселелері де оңтайлы шешіліп келе жатқанын алға тартты.
Айта кетейік, 7 аудан бойынша ­облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев 500-ден аса азаматтың өтінішін қарады. Ал құқық қорғау органдарының басшылары 300-ге жуық тұрғынның талап-тілегін тыңдап, сауалдарына үн қатты.

Сұлушаш МАДИЯРОВА
14 қараша 2022 ж. 523 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (9243)

07 қазан 2024 ж.

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031