Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Балаларға базарлық

Балаларға базарлық

Кеше Қызылорда облысы Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен, «Қызылорда қаламгерлер қауымдастығының» ұйымдастыруымен «Балапан» телеарнасының «Сиқырлы тас», «Әл-Фараби» мультсериалдары бойынша шығарылған бояу кітапшаларының тұсаукесері өтті.
Қазақта «Адам болатын бала алысқа қарайды» деген тәмсіл бар. Бала мықты болып өсуі үшін дұрыс тәрбие мен білім қажет. Президент Қ.Тоқаев биылғы жылды «Балалар жылы» деп жариялап, түрлі мерекелік шаралар мен жиындар өткізу емес, балаларды қорғау мақсатында денсаулығы мен білім сапасын арттыру, әлеуметтік қамсыздандыру басты міндет екенін айтқан еді.
Осы орайда Қазақстан нарығында баспа саласында ширек ғасырдан аса қызмет көрсетіп келе жатқан «ASU» баспа үйі ЖШС мен «Балапан» телеарнасының арасында жасалған келісім шарт негізінде алғаш рет отандық анимациялық фильмдердің бояу кітапшаларын шығару қолға алынды. Тұсаукесер рәсіміне Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Н.Сақтағанов, облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы М.Қазбекова, облыстық мәслихат депутаты, «Сыр медиа» ЖШС бас директоры А.Оңғарбаев, Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі, М.Мәметова атындағы жоғары педагогикалық колледждің оқытушысы А.Қарамұрзаева, «ASU» баспа үйі ЖШС-ның директоры Қ.Қыдырбаев, сондай-ақ балалар мен оның болашағына бей-жай қарамайтын аймағымыздың зиялы қауым өкілдері, республикалық БАҚ-тың өңірдегі меншікті тілшілері, Қызылорда облыстық телеарнасы, қоғамдық теледидар және аймағымызға белгілі жергілікті мерзімді басылымдардың журналистері, білім беру саласының басқарма, бөлім басшылары, кітап саудасы саласының менеджерлері қатысты.
Эфирлік қаралымы жоғары болған 3D форматындағы «Сиқырлы тас» мультсериалының кейіпкерлері алты жасқа дейінгі балаларға арналған. Бұл мультсериал балалардың ой көкжиегін кеңейтуде, қиял-ғажайып әлемін дамытуда үлкен маңызға ие.
Әлемдік ғылымға екінші өмір сыйлағаны үшін шығыс ғұламалары Аристотельден кейінгі екінші ұстаз деп атаған ұлы ғалым Әбу Насыр әл-Фараби жайында түсірілген «Әл Фараби» мультсериалының жобасы алты жастан асқан балаларға арналып отыр. Мұнда балалар кейіпкерлерді бояп қана қоймайды, ұлы ойшылдың қанатты сөздерін көңіл зердесіне тоқиды.
Кітапшада орналасқан QR белгісін сканерлеу арқылы екі мультсериалды да кез келген қолайлы уақытта тамашалауға болады. ­Мультсериалдар кейіпкері мен ондағы оқиғалар бейнеленген бояу кітапшалары күнделікті смартфон ұрлап жатқан бала тәрбиесіндегі бос кеңістікті толтырады деген сенімдеміз.

«Өскен өңір» ақпарат
14 қараша 2022 ж. 241 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (9196)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (9195)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (9194) (1)

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930