Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қуанышбек Ысқақов – Қызылорда облысының әкімі

Қуанышбек Ысқақов – Қызылорда облысының әкімі

Қызылорда облысының бұрынғы әкімі Қырымбек Көшербаев Президент Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды.
Автор:
 Бәрі бар

ÒÑанÑÑбек ЫÑÒаÒов
Қасым-Жомарт Тоқаев Қуанышбек Ысқақовты Қызылорда облысының әкімі қызметіне тағайындау туралы жарлыққа қол қойды.
Қуанышбек Досмайылұлы Ысқақов Қызылорда облысының әкімі болып тағайындалсын, – делінген Ақорданың сайтында жарияланған жарлықта.
Қуанышбек Ысқақов 1968 жылы Қызылордада дүниеге келген. Ыбырай Жахаев атындағы Қызылорда агроөнеркәсіп өндірісі инженерлері институтын – инженер-құрылысшы, Қызылорда политехникалық институтын – бухгалтер-экономист, Қазақстандық инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетін – заңгер мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1985 жылы Қызылорда жиһаз фабрикасында 1-разрядты станокшы болып бастаған. 1993-2003 жылдары Қызылорда облысы бойынша салық комитетінде маман, инспектор, сектор меңгерушісі, төраға орынбасары қызметтерін атқарған. 2003-11 жылдары Батыс-Қазақстан облысы бойынша салық комитеті төрағасының орынбасары, төрағасы, Қызылорда облысы бойынша салық департаментінің бастығы, 2011-2015 жылдары Қызылорда облысы әкімінің бірінші орынбасары, Қызылорда облысының қаржы басқармасының бастығы, Маңғыстау облысы бойынша салық департаментінің басшысы, Қызылорда қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы қызметтерін атқарған.
2015 жылдың шілде айынан желтоқсан айына дейін Қызылорда облысы бойынша қаржылық бақылау инспекциясының басшысы лауазымында болған.
2015 жылдың желтоқсан айынан бастап Қызылорда облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.
Айта кетейік, бүгін, 28 маусымда Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Әкімшілігінің басшысын және Қызылорда облысының әкімін қызметінен босатты. Қызылорда облысының бұрынғы әкімі Қырымбек КөшербаевПрезидент Әкімшілігінің басшысы қызметіне тағайындалды. Бақытжан Сағынтаев Алматы әкімі болды.
29 маусым 2019 ж. 2 264 0