Тартысты турнир өтті
Жуырда соғыс және еңбек ардагері Әбілқасым Палымбетовты ексе алуға арналған ардагерлер арасында бильярдтан турнир өтті. Небәрі 20 жасында елді жаудан азат ету үшін Ұлы Отан соғысына аттанып, 1945 жылы еліне ІІ топтағы мүгедек болып оралған батыр ұлын аудан халқы ұмытпайды.
Турнирді аудан әкімінің орынбасары Болат Смағұлов ашып беріп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Шиелі ауданының «Құрметті азаматы» Сұлтанбек Оразымбетов құтықтау сөз сөйлеп турнирге төрелік етті.
Еске сала кетсек, Әбілқасым Палымбетов 1922 жылы Шиелі ауданында дүниеге келген. Ол соғыстан елге оралғаннан соң ауданның әлеуетін арттыру жолында тынбай еңбек еткен жанның бірі. Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерен ерлігімен еліне сіңген еңбегі үшін І дәрежелі «Отан соғысы» орденімен сонымен қатар ІІІ дәрежелі «Даңқ» медальдарымен марапатталған. Жары Нағима Ілиясқызы екеуі 4 ұл, 1 қыз тәрбиелеп, ұл қызын айтулы азамат етіп өсірді. Қазіргі таңда Әбілқасымның әулеті немере шөбересі өрбіген тамырын тереңге жайған бәйтерекке айналды. Бүгінгі күні балалары әкелерін еске алуға оныншы рет бильярдтан турнир өтізуде.
Аталған ауданаралық турнирге 16 ардагер қатысып, өзара бақтарын сынады. Ойын бірнеше сағатқа созылып, тартысқа толы турнир болды. Сайыстың қорытынды есебі бойынша, ардагер ойыншылардың ішінен топ жарып І орынмен Ақтай Ақбергенов марапатталды, ІІ орын Тілеубек Бабасовқа бұйырды. Ал ІІІ орынды Болатбек Өмірзақов ағамыз жеңіп алды. Марапат иелері мен барша қатысушыларға аудан әкімінің алғыс хаттары мен қаржылай сый-сияпаттар табысталды.
Байдаулет ҚАРАБАЛА