Рысбайдың анасы Сәжда апамыз өте мейірбан, әлдеқалай үйіне бара қалсаң асты-үстіңе түсіп, сені өз баласындай айналып-толғанып, дастарханын жайып, бәйек болып жататыны әлі көз алдымнан кетпейді. Мәулен көкеміз болса, сен келдің бе, кеттің бе онымен шаруасы жоқ, бір ауыз ләм демей, өзімен-өзі саяқ жүретін кісі...