Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Наурыз айында дәрі-дәрмектердің бағасы 25%-ға арзандады

Наурыз айында дәрі-дәрмектердің бағасы 25%-ға арзандады

Наурыз айында дәрі-дәрмектердің бағасы 25%-ға арзандадыҚазақстанда дәрілік препараттардың шекті бағалары қайта қаралып, соның нәтижесінде бірқатар дәрінің құны орта есеппен 25%-ға төмендеді, деп хабарлайды Egemen.kz.


Денсаулық сақтау министрлігі түсіндіргендей, Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті пациенттердің қаржылық жүктемесін азайту және негізсіз үстеме бағаларды болдырмау үшін дәрі-дәрмектердің шекті бағаларын қалыптастыру тетігін енгізді.
Бағаларды қайта қарау нәтижесінде өзгерістер бөлшек саудада сатылатын шамамен бес мыңға жуық дәрілік препарат атауын қамтыды. Тізімге жүрек-қан тамырлары жүйесінің, тыныс алу мүшелерінің созылмалы ауруларын, жұқпалы және басқа да кең таралған ауруларды емдеуге арналған дәрілер енгізілді. Қазіргі уақытта 4994 сауда атауына шекті бағалар белгіленген.
Дәріханалар және фармацевтикалық қызметтің басқа да субъектілері дәрілерді белгіленген шекті деңгейден аспайтын бағамен сатуға міндетті.


Сонымен қатар 1707 рецептісіз сатылатын препарат мемлекеттік баға реттеуінен шығарылып, нарықтық қағидаттар бойынша сатылып жатыр. Елдің 20 өңірінде жүргізілген мониторинг қорытындысы бойынша, 2026 жылғы наурызда 2025 жылғы маусыммен салыстырғанда 631 дәрі атауы бойынша баға орта есеппен 24,6%-ға төмендегені тіркелді.
Комитетте баға мониторингі тұрақты негізде жүргізілетіні хабарланды. Белгіленген шекті бағалардан асқан жағдайда әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Бағаның негізсіз жоғарылау фактілері туралы азаматтар DariKZ мобильді қосымшасы арқылы немесе Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің өңірлік департаменттеріне хабарлай алады.



02 сәуір 2026 ж. 36 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (9390)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (9389)

28 наурыз 2026 ж.

№21 (9388)

23 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930