Музей – көненің көзі, тарихтың өзі
Иә, ұлттық рухымыздың бір тармағы ата-баба мұраларынан сыр шертетін, олардың қалдырған өнегесін кейінгі ұрпаққа танытар ол музейлер екені анық. Қазіргі таңда халықтың ұлттық санасы оянып, тарихи-мәдени мұраның бай дүниесінің ұмтылысының күн санап дамып жатқанын көріп отырмыз. Өткенге құрметпен қарап, бүгінгі күнді қадірлеп, келешектің қамын ойлау – көпшіліктің басты міндеті.
Музей қоғам мүшелеріне, жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беретін ғылыми-мәдени және рухани мекеме болғандықтан, бүгінгі тәуелсіз еліміздің жас ұрпақтарының ұлттық сана сезімінің өршіл болып қалыптасуына және оларды отаншылдық рухта тәрбиелеу үшін қазіргі заманға сай, ғылыми негізде жүйеленген мектеп музейлерінің атқаратын қызметтері зор. Музейдің негізгі жұмысы тарих арқылы тарихи-мәдени ескерткіштерді, тарихи оқиғаларды насихаттау, сол арқылы жас ұрпақты рухани, адамгершілік және патриоттық рухта тәрбиелеу. Музейлер өздерінің бірыңғайлығымен мәдениеттің ерекше өрісін құрайды, онда рухани құндылықтарды құрудың негізі болып адам іс-әрекетінің заттық нәтижелерімен табиғат объектілері қызмет атқарады. Адамзат баласының қазіргі таңдағы тарихи қызығушылығы артқан жағдайда музей үлесіне үлкен міндет жүктеліп отыр.
Жас ұрпақ дүние сырларын ақтара отырып бүгінгі күннің көкейтесті сауалдарына жауап іздейді, қоғамның бұдан былайғы заңдарын түсінгісі келеді. Таным дүниесіне зейін қойып қарасақ музей өткен мен болашақты жалғастырушы түйін болып табылады. Өйткені, музей экспонаттары тарих негізі. Ол сонау ата-бабаларымыздың жүріп өткен жолдарын айғақтайды. Олай болса, музейге тарихтың куәгері ретінде қараумыз керек. Сондықтан да, бүгінгі күні әлем мемлекеттері арасында музейі жоқ елді кездестіру мүмкін емес.
Қазақстандағы музейлердің қызметі еліміздің тәуелсіздік алуына байланысты көп өзгерді. Музей – арнайы жабдықталған, қоғамдық қажеттіліктерді сақтап, ұрпақтан ұрпаққа жеткізетін, әлеуметтік ақпараттар құжаттарын жинайтын, эстетикалық құндылықтары бар мекеме болғандықтан оларға қойылатын талаптарда күшейді. Музей заты, музей ісінің, қызметінің негізгі бағыттары экспозициялық көрмелік қорлық (фонд), мәдени білім беру екендігін біліп, олармен толық танысып, мағлұмат аламыз.
Музейдің бүгінгі жетістіктері нарық заңдылықтарына бейімделген даму сатысының бірі деп бағалаймыз. Алға қойылған мақсат – халықаралық музей ісімен тереңірек танысып, олардың ұлттық мұраттарымыз бен мүдделерімізге үйлесетін озық үлгілерін өмірге енгізіп, XXI ғасыр талабына сай келетін музейлер қатарына қосу, өлке тарихының алтын қазынасын келесі мыңжылдықтарға жеткізу жолындағы қызметтерін жалғастыра отырып, еліміздің биік руханиятын, озық мәдениетін әлемге таныту.
Ы.Жақаев атындағы күріш өсіру тарихы музейінде осы күнге дейін көптеген жұмыстар атқарылды. Ауданымыздың тарихын айқындайтын он мыңнан астам тарихи жәдігерлер жинақталды. Түрлі тақырыптардағы танымдық көрмелер мен іс-шаралар ұйымдастырылды. Әлемнің түпкір-түпкірінен қаншама қонақтар келіп біздің музейді тамашалағандығын мақтанышпен айта аламыз.
18 мамыр – Халықаралық музейлер күні мерекесі музеймізде кеңінен аталып өтілгелі отыр. Әлемнің мұражай қызметкерлері өздерінің төл мерекесі – Халықаралық мұражай күнін атап өтуді дәстүрге айналдырған. Әрбір өткізілген төл мереке өзінің ерекшелігімен есте қалады.
Бұл мереке тек мұражайтанушылардың ғана емес, сонымен бірге, өз елінің өткені мен тарихын білгісі келетін әрбір адамға да қатысты. «Өткеніңді білмесең, өскенің қайсы» деп тегін айтылмаса керек. Еліміздің әрбір азаматы тарих тағылымын білгісі келетіні анық. Сондықтан да 18 Мамырды «Халықтық мереке» деп санау керек.
Бұл күні мұражай барлық қонаққа есігін айқара ашып, көрме залдары мен жәдігерлерін мақтанышпен көрсетеді. Мереке қарсаңында «Музей – таным мен тарихтың бастау бұлағы» атты іс-шара өткізуді жоспарлап жатырмыз. Бұл іс-шарада қонақтарға мұражайға келген жаңалықтарды көрсетіп, болашақта өзгерген әлемдегі мұражайдың одан әрі жетілдірілген сипатта елестету. Қазіргі заманғы мұражай мұрағаттарды сақтау орталығы және оны болашаққа табыстау орталығына арналған мәдени институттар рөлін атқарады. Өзінің әлеуметтік қажеттілігін атқара отырып, мұражай мәдениетаралық және ұлтаралық байланыстарды нығайтуға, түрлі ұлттар мен олардың мәдениетін негізге ала отырып, адамзаттың рухани-мәдени бірлігін сақтаудың орталығына айналды. Қазіргі таңда музейлер қызметі қоғамдық институт ретінде әлеуметтік қоғамдық-экономикалық жағдайға сай жүргізілуде.
Құттықыз Ыханова,
Ы.Жақаев атындағы күріш өсіру тарихы музейінің
директоры