Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «КІТАП-АMANAT» ПАРТИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ: БІЗ ТАҢДАҒАН КІТАПТАР

«КІТАП-АMANAT» ПАРТИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ: БІЗ ТАҢДАҒАН КІТАПТАР



«Көкшоқы» бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен AMANAT партиясының «Кітап–AMANAT» партиялық жобасы аясында «Біз таңдаған кітаптар» атты кітап көрмесі өткізілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – қоғамда кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, тұрғындардың рухани-танымдық деңгейін арттыру, жастардың білімге және әдебиетке деген қызығушылығын күшейту, сондай-ақ ұлттық құндылықтарды дәріптеу болып табылады.
Көрме барысында қатысушылар назарына қазақ және әлем классиктерінің көркем әдебиеттері, тарихи-танымдық еңбектер, тұлғалық даму мен тәрбиеге арналған кітаптар, балалар мен жасөспірімдер әдебиеті ұсынылды. Шараға партия мүшелері, кітапхана қызметкерлері, жастар және ауыл тұрғындары қатысып, өздерінің сүйікті кітаптары туралы ой-пікірлерімен бөлісті. Кездесу аясында кітаптың адам өміріндегі маңызы, оқу мәдениетін дамыту, жас ұрпақты кітап оқуға баулу мәселелері кеңінен талқыланды. Сонымен қатар, қатысушылар арасында еркін пікір алмасу ұйымдастырылып, кітап оқу дәстүрін жаңғырту бағытында ұсыныстар айтылды.

Аталған көрме тұрғындардың рухани дамуына серпін беріп, кітапқа деген қызығушылықты арттыруға ықпал етті.
03 сәуір 2026 ж. 174 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (9390)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (9389)

28 наурыз 2026 ж.

№21 (9388)

23 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930