Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Баламалы энергия – болашақтың пайдасы

Баламалы энергия – болашақтың пайдасы


Қазып, өңдеп дайындайтын емес, табиғаттың тікелей өз өнімдері – жел мен күн энергиясын пайдалану әлем елдерінде ерекше маңызға ие. «Елу жылда ел жаңа» демекші, енді бір 50 жылдан соң Жер бетіндегі тұрғындар саны қазіргіден екі есе артып, тиісінше адамзат тұтынатын қажеттіліктер де екі-үш есе көбейеді деген пікір айтады сарапшылар.
Мұндай жағдайда шегі бар, сарқылатын байлықтардың түбі көрінуі бек мүмкін. Бұл жел мен күн, су энергиясы секілді сарқылмайтын энергия көздерін қолданысқа енгізуге алып келеді. Әлем қазірден-ақ осы қадамға бет бұруда. Арзан электр энергиясын қолданысқа енгізуге бағытталған «Қазақстанда 2030 жылға дейін электр энергиясын өндіруді дамыту туралы» мемлекеттік бағдарламасы қабылданып, жел және күн күшімен өндірілетін электр энергиясына қол жеткізу жолдары қарастырылуда. Дүниежүзі бойынша жел жіктелімінің 23 түрі тұрақты кездесетін, географиялық орналасуы және өте қатты ауа ағынының бар болуы Қазақстанға мол жел энергиясын өндіру мүмкіндігін береді. Мәліметтерге көз жүгіртсек, еліміздің кейбір аудандарында желдің орташа жылдамдығы 6 м/с-ты құрайды, яғни Қазақстанның жел-энергетикалық әлеуеті жылына 929 млрд. квт/сағат құрайды. Сол себептен жердің бетінен үлкен биіктікте соғатын жел энергиясын пайдалану тиімді.Жердің бетінен ондаған метр биіктікте желдің жылдамдығы 5-6 м/с жетеді. Ол тұрақты және көп мөлшерде энергияны береді. Сондықтан биіктікте қондырғыны пайдалану арқылы кез–келген жерден алуға болатын энергия көзін аламыз. Яғни, Шиелі ауданының таулы аймақтарына арнайы желтрубиналарын орнату арқылы жел энергиясын пайдалануға болады. Қарт Қаратаудың етегі, Дарбаза нағыз желдің дәлізі деуге болады. Міне, сол жерлерге биік трубиналы роторларды орнату арқылы жел энергиясына қол жеткізуге болады.
Сондай-ақ, күн энергетикасы энергия көзінің сарқылмайтын түрі болып табылады, әрі экологиялық жағынан да еш зияны жоқ. Күннің сәулеленуі–жердегі энергия көзінің негізгі түрі. Оның қуаттылығы Күн тұрақтысымен анықталатындығы белгілі. Шындығында, қазіргі заманды электр энергиясынсыз мүлдем елестету мүмкін емес. Сол себепті де, электр энергияны алудың шығыны аз, экологиялық таза көздерін табу бүгінгі күннің негізгі мәселесіне айналып отыр. Әлем бойынша электр энергиясын ең көп өңдіретін елдерге АҚШ, Қытай жатады. Бұл елдерде электр энергиясының өндірісі әлемдік өндірістің 20%-ын құрайды. Соңғы кездері экологиялық проблемалар, пайдалы қазбалардың жетіспеушілігі және оның географиялық біркелкі емес таралуы салдарынан электр энергиясын өндіру желэнергетикалық құрылғыларды, Күн батареяларын, газ генераторларын пайдалану арқылы жүзеге аса бастады. Сондықтан, болашақты ойласақ күн батареяларының пайдалы тұстарын қолданысқа енгізуге басымдық беруіміз керек.

Шерхан Тұрғанбек
18 мамыр 2021 ж. 3 418 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930