Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » "Болашақ энергиясы" – тың бастама

"Болашақ энергиясы" – тың бастама


Энергияны тиімді пайдалану – өзекті мәселелердің бірі. Елордада өткен «ЭКСПО – 2017»  халықаралық көрмесінде де ауқымы кең тақырып қаузалды. «Болашақ энергиясы» деп аталған көрмеде баламалы энергия көзін игерудің жолдары ұсынылған болатын. Ол әлі де өзекті. Осы орайда ел болашағы – жастардың өндірісті, озық технологияларды меңгеруі маңызды рөл атқарып отыр. Себебі, жаңартылатын энергия көзіне көшу – заман талабы.
Сарапшылар 2030 жылға қарай елеулі өзгеріс орын алуы мүмкін екендігін айтады. Мәселен, 2030 жылға қарай көмір жылу станциялары – 82,4 пайыз электр энергиясының орнына 70 пайызды, газ турбиналық станциялар – 6 пайыздың орнына 6,3 пайызды, гидроэлектр станциялары – 11 пайыздың орнына 13,9 пайызды өндіреді деген болжам бар. Осыған байланысты Қазақстан келесі басым бағыттарды ұстанбақ. Соның ішінде тұрмыстық қатты қалдықтарды тиімді пайдалану танымалдылыққа ие. Қалдықтарды кешенді қайта өңдеу және балама отынды алу технологиясы қазір Алматы қаласында жүйелі іске асырылуда. Сондай-ақ, қоғамдық көлікті отынның экологиялық таза түрлеріне көшіру идеясына да көпшілік қолдау білдірді. Жалпы, жаңартылған энергия көздерін тиімді игеру арқылы еліміздің энергетикалық қауіпсіздікті күшейтуге мүмкіндігі зор. Энергетика көздерін жаңарту жасыл технологияларды тиімді игеру мен пайдаланудан басталады.
 
22 қаңтар 2018 ж. 2 693 0