Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ЭКСПО-ДА КӨРСЕТІЛГЕН ЖОБАЛАР ӨНДІРІСКЕ ЕНГІЗІЛЕДІ

ЭКСПО-ДА КӨРСЕТІЛГЕН ЖОБАЛАР ӨНДІРІСКЕ ЕНГІЗІЛЕДІ


ЭКСПО-2017  мамандырылған көрмесінде көрсетілген технологиялық жобалар өндіріске енгізілетін болады. Бұл туралы Энергетика министрі Қанат Бозымбаев пен Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев (primeminister.kz  ) мәлім етті.
Қанат Бозымбаев айтып өткендей, энергетика министрлігінің сараптамалық жұмыс тобы төрт бағыт бойынша «Экспо» көрмесінің шетелдік павильондарында көрсетілген 105 шетелдік және 28 отандық технологияны іріктеді:
  •     мұнай және газ — 27 технология,
  •     көмір өнеркәсібі — 7 технология,
  •     электр энергетикасы, энергияны үнемдеу және ЖЭК — 63 технология,
  •     экология (қалдықтарды басқару, су тазалау, ауа сапасын бақылау) — 36 технология.
primeminister.kz  пориталы атап өткендей,  бұл тізім ұлттық және жекеменшік компанияларға, сондай-ақ әкімдіктерге технологияларды қарастыру және іріктеу үшін жіберілді. Бұдан өзге, барынша ақпараттандыру мақсатында технологиялар тізімі байланыс ақпараттарымен қоса Энергетика министрлігінің сайтында жарияланды.
–Әкімдіктер қазіргі уақытта енгізу үшін 40 технологияны іріктеп алды, оның төртеуі 2018 жылы  енгізіледі. Ұлттық компаниялар енгізу мақсатында 15 технологияны іріктеп алды, оның екеуі 2018 жылы енгізіледі, — деп атап өтті Қанат Бозымбаев.
Энергияны үнемдеу, суды тазарту, «ақылды желілер» және кәсіпорындарда ЖЭК пайдалану бойынша технологиялар таңдалған.
Мұнай және газ саласында Ресей, АҚШ, Қытай және Финляндиядан 7 технология анықталды. Мысалға, Қостанай облысы әкімдігі «СГК-510 газ талдау қондырғысы» неміс технологиясын 2018 жылы енгізуді жоспарлауда. Осы технологияны енгізу арқылы газды тұтыну азаяды, бұл жылына 40 млн теңгеге жуық үнемдеуге мүмкіндік береді.
«Электр энергетикасы» бағыты бойынша 35 технология анықталды, оның ішінде әкімдіктер 26 технологияны таңдады. Солардың бірі — «Ұялы телефондарға арналған тегін қуаттаудың автономдық станциялары» қытайлық технологиясы, ол 2018 жылы Солтүстік Қазақстан облысында енгізіледі. Бұл технология тұтынылған электр энергиясына жұмсалатын шығындарды және қоршаған ортаға жүктемені азайтуға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта әкімдік қытайлық Shenzhen компаниясымен жабдықтарды жеткізу туралы келісімге келді.
«Экология» бағыты бойынша әкімдіктер тұрмыстық және өнеркәсіптік сарқынды суларды тазарту, ауа сапасын бақылау және қалдықтарды басқару саласында 10 технологияны таңдады.
Энергетика министрінің айтуынша, технологиялар тізімі әлі нақтыланады.
Білім министрі Ерлан Сағадиев өз кезегінде «Экспо-2017» халықаралық көрмесі қазақстандық ғылымда, технологиялар трансферті мен білім беруді дамытуда жаңа идеялардың туындауына қуатты серпін бергенін атап өтті.
–Көрмені 55 университет және министрліктің ҒЗИ өкілдері аралады. Қатысушы елдердің өкілдерімен 100-ден астам кездесу мен келіссөздер жүргізілді.  Ынтымақтастық орнату туралы 9 меморандумға қол қойылды. Университеттер екіжақты ынтымақтастық туралы 20-дан астам келісімге қол жеткізді, — деп баяндады Ерлан Сағадиев.
ҒЗИ мен университеттер ғалымдарының шетелдік әріптестермен, университеттер және компаниялармен халықаралық байланысы едәуір жанданды. ЖОО-лар мен ведомствоға қарасты ҒЗИ 25 ғылыми-зерттеу жобалары мен бағдарламаларын даярлау мен іске асыруды жүргізіп жатыр.
«12 ірі ғылыми жоба мен бағдарламаларда және 89 гранттық жобаларда ғылыми-техникалық бағдарламаларды іске асыру кезінде негізгі тақырып көзі “Экспо-2017” идеялары болып табылады», — деді Ерлан Сағадиев.
Мәселені қарау қорытындысы бойынша Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев облыстардың әкімдіктеріне жаңа технологияларды енгізу кезеңіне көшу бойынша жұмысты жалғастыруды тапсырды.
Еркін ҚАЛДАН
26 желтоқсан 2017 ж. 1 166 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№97 (9261)

06 желтоқсан 2024 ж.

№96 (9260)

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (9259)

01 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031