Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Тоғыз қабатты туристік аймақ

Тоғыз қабатты туристік аймақ

Елбасы Н.Назарбаевтың идеясы бойынша көрме ғимараттары болашаққа салынған инвестиция, капиталды дамыту жолы болуы керек-тін. Бүгінде Президенттің салиқалы тұжырымдамасы тиімділігін дәлелдеді. Мұндай қызмет көрсету нысандары қазірдің өзінде дамыған елдерде жұмыс жасайды. Иә, расында да көрмеден соңғы қалашық ғимараттарының болашағы туралы сұрақтар әрбіріміздің көкейімізде тұрды. Енді Астанадағы алып шар болашақ энергиясы музейіне айналып, халықаралық көрме ЭКСПО туристік аймақ ретінде қызметін бастап кетті.
Қала қонақтары мен тұрғындарының «Арт орталықты» тамашалап, оған қоса, «Үздік тәжірибелер» алаңындағы ең үздік жобаларды қызықтауға мол мүмкіндік алғандығын айта кету керек. Естеріңізге сала кетсек, бұл алаңда 24 қазақстандық және шетелдік жобалар орналастырылған. Ал, «Арт орталықта» әлемдік өнер саласының тың дүниелеріне қаныға алады.
ЭКСПО қалашығында туристік аймақ қайта ашылып, қалашықтың аумағы кішігірім жөндеуден өтіп, келушілерді қарсы алуда. Жалпы, ЭКСПО нысандары бір жыл ішінде 12 миллионға жуық келушілерді қабылдауға қауқарлы. Оның ішінде «Нұр Әлем» павильоны 9 миллиондай, «Үздік тәжірибелер» аймағы 2 миллион, «Арт орталық» 130 мыңға жуық, тақырыптық павильондар 1 миллионнан астам адамды қабылдай алады.
Төрткүл дүниені қаратқан көрменің нысандарына деген халықтың қызығушылығы артып отырғандықтан, жаңартылатын энергия көздері және түрлері туралы мол деректер ұсынылуда. Айта кету керек, жаңа жылдан бас­тап ЭКСПО-2017 қалашығындағы павильондарда күрделі жөндеу жұмыстары басталады. «Нұр әлем» павильоны мен тақырыптық павильондар энергия музейі ретінде жұмыстарын жалғастырады. Ал «С-3», «С-4» павильондарында «Астана» халықаралық қаржы, «C-1» павильонында білім беру орталықтары құрылады. Белгілі болғандай, «C-2» павильонында көрме кешені орналасады. Ол түрлі көрмелерге, халықаралық және отандық экспозицияларға арналған алаң болады. Өзге ғимараттар халықаралық «Жасыл» технологияларды дамыту орталығына және халықаралық IT-стартаптар технопаркіне берілмек. Бұл дегеніміз, отандық ғалымдарға, бизнесмендер мен жас мамандарға өздерінің тың жобаларын іске асыруға берілген мол мүмкіндік аясы деген сөз. Сонымен қатар, жуырда ашылған Астана қаласындағы ең үлкен аумағы 4 000 шаршы метрді құрайтын ашық мұз айдыны көпшіліктің демалыс уақытын таза ауада белсенді өткізуге мүмкіндік береді және сүйікті демалыс орнына айналары хақ. Сондай-ақ, тап осында еліміздің жаңажылдық бас шыршасы орнатылатын болады. Қайта түлеген «Нұр әлемнің» тоғыз қабаты да туристер мен меймандарға толықтай қызмет етеді.
Дина ЖҮСІПОВА.
12 желтоқсан 2017 ж. 1 302 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930