Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ЭКСПО-2017 тарихтағы ең табысты мамандандырылған көрме атанды

ЭКСПО-2017 тарихтағы ең табысты мамандандырылған көрме атанды


Халықаралық көрме бюросының Бас хатшысы Висенте Гонсалес Лоссерталес Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесінің сәтті өтуімен құттықтап, аталған көрмеге қатысқан елдердің атынан алғысын жолдады деп хабарлайды «Казахстанская правда» газеті.

«Маған ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысқан елдерден жағымды пікірлер жиі келіп түседі. Олар көрмені тарихтағы ерекше оқиға және кәсібиленген деп баға беріп жатыр. Бұл болашақта өтетін ЭКСПО көрмелерінің де өте сәтті өтетініне қарқын береді деп сенемін. Астанада өткен ЭКСПО-2017 көрмесі Сіздің жеке қолдауыңыздың және жобаның жүзеге асуына белсенділік танытуыңыздың арқасында нәтижелі жеміс беріп отыр деп сеніммен айта аламын. Сіздің Үкімет, Ахметжан Есімов басқарып отырған «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы көрменің инфрақұрылымын алғашқы қонақтарға әсер етуімен қатар, халықаралық көрме қонақтарына қазақы қонақжайлылықты да көрсетіп таныта білді. Осы сәтті пайдалана отырып, мені Қазақстан Республикасының «Достық» орденімен марапаттағаныңыз үшін Сізге ақжарма алғысымды білдіргім келеді. Бұл шешімді естіген кезде аса қатты толқыдым. 6 жыл Сізбен бірге тығыз байланыста болып, қызмет атқарғаным – менің мансабымдағы бағалы тәжірибе деп түйдім. Астана қаласына барып, тек Қазақстан халқына ғана емес, бүкіл әлемге арналған ЭКСПО-2017 көрмесінің территориясын көріп, тамашалаймын» делінген хатта. Сөз соңында Висенте Гонсалес Лоссерталес Қазақстан мен Халықаралық көрме бюросы арасындағы қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға дайын екенін жеткізді, - дейді Президенттің баспасөз қызметі.

Massaget.kz
06 желтоқсан 2017 ж. 1 787 0

Соңғы жаңалықтар

ЖОЛДЫҢ ЖАЙЫН ЖҮРГЕН БІЛЕР

ЖОЛДЫҢ ЖАЙЫН ЖҮРГЕН БІЛЕР

08 желтоқсан 2023 ж.
Экономикада өсім бар

Экономикада өсім бар

08 желтоқсан 2023 ж.

Қоғам

PDF нұсқалар мұрағаты

№96 (9157) 1-2

05 желтоқсан 2023 ж.

№96 (9157) 3-4

05 желтоқсан 2023 ж.

№95 (9156)

02 желтоқсан 2023 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2023    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам