Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » АСТАНАНЫҢ ЭКОЛОГИЯСЫН ЖАҚСАРТУ ҮШІН АРНАЙЫ ТОПТАР ЖҰМЫС ЖАСАЙДЫ

АСТАНАНЫҢ ЭКОЛОГИЯСЫН ЖАҚСАРТУ ҮШІН АРНАЙЫ ТОПТАР ЖҰМЫС ЖАСАЙДЫ


Астана қаласы әкімдігінде «Астана қаласының қоршаған ортасын 2020 жылға дейінгі сауықтыру бойынша кешенді жоспарын» және «Елорданың төмен көміртекті дамуының 2030 жылға дейінгі стратегиясын» әзірлеу бойынша Астана қаласы әкімі Ә. Исекешевтің төрағалығымен бірінші ұйымдастыру отырысы өтті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.
Өткен аптада әкімдікте қала әкімі, халықаралық және қоғамдық ұйымдардың басшылары қатысқан дөңгелек үстелдер өткізіліп, онда қаланың экологиялық жағдайын жақсарту бойынша жобалар ұсынылған болатын.
Аталған кеңесте қала әкімдігі, қоғамдық бірлестіктер өкілдері, ғалымдар мен халықаралық сарапшылар «Астана қаласының қоршаған ортасын 2020 жылға дейінгі сауықтыру бойынша кешенді жоспар» бірінші кезектегі және «Елорданың төмен көміртекті дамуының 2030 жылға дейінгі стратегиясы» ұзақмерзімді шаралар жоспарын әзірлеу бойынша бірлесіп жұмыс істеуге келісті.
Кеңес қорытындысы бойынша қала әкімінің басшылығымен комиссия және келесі бағыттар бойынша жеті жұмыс тобын құру туралы шешім қабылданды:
1) қоршаған орта жағдайының мониторингі және экологиялық ақпаратты талдау жинағы;
2) ауа сапасын жақсарту (отын-энергетикалық кешен, жаңартылатын энергия көздерін дамыту);
3) жер үсті су ресурстары көздерінің, сумен жабдықтау және су бұру жағдайын жақсарту;
4) топырақ жағдайын жақсарту және қалдықтарды тиімді басқару;
5) экологиялық ағарту, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және ТКШ-ты дамыту;
6) көліктердің қоршаған ортаға ластау жүктемесін азайту;
7) төменкөміртекті даму Стратегиясын әзірлеу.
Жұмыс сарапшылардың, мамандардың, халықтың қосылуымен ашық режимде жүргізілетін болады.
Еркін ҚАЛДАН
19 қаңтар 2018 ж. 1 823 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (9243)

07 қазан 2024 ж.

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031