
КЕЛІН ІЗДЕГЕН КЕМПІР
Ауылдың адуын кемпірі немересіне қыз қарап шықты. Көрші ауылда бір үйдің бойжеткен үш қызы бар дегенді есітіп, соны сынап көрмек болды. Сөйтіп анасының рұхсатымен оларға зер салды. –Қызым, қонаққа шәй әкел, – деді шешесі үлкеніне. Ол ибалы түрде дастархан жайып, шәй ұсынды. – Астарыңыз дәмді болсын, – деп...