Топ-баннер
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » КЕЛІН ІЗДЕГЕН КЕМПІР

КЕЛІН ІЗДЕГЕН КЕМПІР

Ауылдың адуын кемпірі немересіне қыз қарап шықты. Көрші ауылда бір үйдің бойжеткен үш қызы бар дегенді есітіп, соны сынап көрмек болды. Сөйтіп анасының рұхсатымен оларға зер салды.
–Қызым, қонаққа шәй әкел, – деді шешесі үлкеніне.
Ол ибалы түрде дастархан жайып, шәй ұсынды. – Астарыңыз дәмді болсын, – деп жылы сөзін де жеткізді.
–Қызым қалай, ұнады ма?
–Екіншісін көрейін. Сосын айтайын.
Шешесі екіншісіне де шәй әкелші деді. Ол да үлкен құрметпен шәй ұсынды.
– Бұл қызым қалай?
– Үшіншісін көрейін. Бағасын содан кейін айтамын.
– Ол қызымды ұнатпайсыз. Мінезі шатақтау еді.
–Мейлі. Сонда да көрейін.
– Қызым, шәй әкелші, – деді шешесі кенжесіне.
Ол ыстық шәйнекті дастарханға тарс еткізіп қойды да:
– Шәйға қашан қанасындар? –деп жөніне кетіп қалды.
– Міне, осы қызыңды келін қыламын, – деді кемпір.
–Сонда қалай? Алдыңғы екеуі инабатты еді ғой.
– Жоқ. Ол екеуі жасанды мінез көрсетті. Жасандылық қашанда жасанды. Ал, кенжең болса туабітті мінезін байқатты. Одан жақсы келін шығады.
Шынында, әлгі кенже қыз кейін бір әулеттің сүйікті келіні болған екен.
05 тамыз 2018 ж. 1 334 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№15 (9382)

24 ақпан 2026 ж.

№14 (9381)

21 ақпан 2026 ж.

№13 (9380)

17 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031