Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызым қызғалдағым

Қызым қызғалдағым


13 маусым күні аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Қызым қызғалдағым» тақырыбында "Сыр Ұланы" лагерінде 11-25 жас аралығындағы қыз балалар арасында психологиялық тренинг өткізілді. Қыздардың қатысуымен өткен жиын АЕ Көкшоқы амбулаториясының психолог маманы Алимбекова Марал және лагердің аға тәлімгері Рысбаева Ақсамалдың алғы сөзімен басталды. Басқосу барысында қыздар өз мінезіне басшылық жасай алуын қалыптастыру, көңіл-күйін жағымды арнаға түсіруге баулу, көтеріңкі көңіл-күйдің айналасындағыларға әсерін түсініп, сезінуге тәрбиелеу және өздеріне құрметпен қарау мақсатында жақсы, жаман қасиеттерін түрлі-түсті қиындыларға жазып, тек жақсы қасиеттерін плакаттарға жабыстыра отырып, топтасып жұмыс істеу жүйесін әрі қарай дамыта отырып, «Айдаhардың құйрығы», «Мен бақытты боламын» атты психологиялық ойындар ойнатылды. Шара сонында қыздар бір-біріне жақсы ниет-тілектерін білдірді.
14 маусым 2018 ж. 1 533 0