Қызды тәрбиелегенің - ұлтты тәрбиелегенің
Шиелі индустриалды-аграрлық колледжінде «Қызды тәрбиелегенің - ұлтты тәрбиелегенің» тақырыбында 14-18 жас аралығындағы қыз балалар арасында дөнгелек үстел өткізілді. Аудандық ішкі істер бөлімінің Жергілікті полиция қызметінің инспекторы, полиция капитаны А. Оңғарбаева кәмелет жасқа толмаған қыздар арасында заңды өкілінің қарауынсыз көшеде, орталық алаңда, түнгі клубтарда жүруі туралы сөз қозғаса, Амбулаториялық-емханалық қызметі бар Шиелі аудандық орталық ауруханасының акушер-гинекологі Г.Сулейменова жасөспірімдер мен жастар арасындағы ерте жүктіліктің қауіптілігі, жыныстық жолмен жұғатын инфекциялық аурулар пайда болатынын слайдпен түсіндіре отырып, психоліг А. Азаматова қиын жағдайға кезіккен жастарға арнайы медициналық, консультативтік, психологиялық кеңестердің берілетінін айтып өтті. Шиелі аудандық жастар денсаулық құрылымдық бөлімінің дәрігері Аширова Лаура "Қыз өмірдің қызғалдағы " атты тақырыпта түсінік беріп өтті. Тақырып соңында видео роликтер көрсетіліп, ақпараттық танымдық материалдар таратылды.Шара сонында Шиелі индустриалды-аграрлық колледжі директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының міндетін атқарушы Рахманберді Лиза өз пікірін білдіріп, қыздар көкейдегі сауалдарын жол¬дап, тұшымды жауап алды.
Шиелі аудандық орталық ауруханасының ФБ парақшасынан.
Шиелі аудандық орталық ауруханасының ФБ парақшасынан.