Дені саудың - тәні сау
Шиелі аудандық аграрлық техникалық колледж студенттері арасында "Менингит инфекциясы бойынша санитарлық эпидемияға қарсы,санитарлық-профилактикалық " тақырыбы бойынша семинар болып өтті. Семинар барысында колледж міндетін атқарушы Рақманберді Лиза іс шараны ашып берді. Шиелі аудандық жастар денсаулық құрылымдық бөлімінің дәрігері Аширова Лаура менингиттің емдік профилактикалық жолдары бойынша тоқталып өтті. Аудандық емхананың эпидемиолог дәрігері Шохаева Жанар менингит инфекциясы бойынша толық тоқталып өтті. Студенттер және ұстаздар көкейінде тұрған сұрақтарына жауап алды. Семинар соңында менингит бойынша видео-роликтер көрсетіліп, ақпараттық танымдық материалдар таратылды.
Шиелі аудандық орталық ауруханасының ФБ парақшасынан.
Шиелі аудандық орталық ауруханасының ФБ парақшасынан.