Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ШИЕЛІДЕН АҚПАРАТ

ШИЕЛІДЕН АҚПАРАТ

Елбасымыздың ағымдағы жылдың 10 қаңтарындағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері!» атты жолдауында жастардың репродуктивті денсаулығын қорғауға және нығайтуға ерекше назар аударуды алға қойды. Бүгінгі күні Қазақстанда халықтың, әсіресе жасөспірімдердің ұрпақ өрбіту саулығын қорғау өзекті мәселелердің бірі болып отыр. ЮНФПА мәліметтері бойынша, жыл сайын елімізде жасөспірімдер арасындағы жүктіліктің 6000-нан аса жағдайларды тіркеледі және оның әрбір үшіншісі түсік жасатумен аяқталады екен.
Қыз балалардың бойына рухани-адамгершілік, адалдық, әдептілік, сыпайылық, имандылық қасиеттерді дамыту, жеке бас гигиенасын сақтауға, әдепсіздік пен азғындық жолға түспеуге тәрбиелеу мақсатында маусымның он бірі күні аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Шиелі индустриалды-аграрлық колледжінде «Қызды тәрбиелегенің - ұлтты тәрбиелегенің» тақырыбында 14-18 жас аралығындағы қыз балалар арасында дөнгелек үстел өткізілді. 
Жастардың қатысуымен өткен жиын орталық директоры А.Маманованың алғы сөзімен басталды. Басқосу барысында көрермендерге «Қызым саған айтам», «Қыздарға» атты тәрбиелік мәні бар сондай-ақ жастайынан ақ пен қараны ажырата алмай шалс басқан қыздар жайлы және қазіргі заманда жоспарсыз жүктіліктің кесірінен дүниеге тастанды балалардың ке¬луі, қыздардың болашақ жар таңдауы туралы сынды өзекті тақырыптарды тергеген бейнероликтер де көрсетілді. 
Аудандық ішкі істер бөлімінің Жергілікті полиция қызметінің инспекторы, полиция капитаны А. Оңғарбаева кәмелет жасқа толмаған қыздар арасында қылмыстылық пен құқық бұзушылықтың алдын алу және түнгі уақытта заңды өкілінің қарауынсыз көшеде, орталық алаңда, түнгі клубтарда жүруі туралы сөз қозғаса, Амбулаториялық-емханалық қызметі бар Шиелі аудандық орталық ауруханасының акушер-гинекологі Г. Сулейменова жасөспірімдер мен жастар арасындағы ерте жүктіліктің қауіптілігі, жыныстық жолмен жұғатын инфекциялық аурулар пайда болатынын слайдпен түсіндіре отырып, психолог А. Азаматова қиын жағдайға кезіккен жастарға арнайы медициналық, консультативтік, психологиялық кеңестердің берілетінін айтып өтті.
Шара сонында Шиелі индустриалды-аграрлық колледжі директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының міндетін атқарушы Рахманберді Лиза өз пікірін білдіріп, қыздар көкейдегі сауалдарын жолдап, тұшымды жауап алды.

12 маусым 2018 ж. 921 0