Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » РЕПРОДУКТИВТІ ДЕНСАУЛЫҚТЫ ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

РЕПРОДУКТИВТІ ДЕНСАУЛЫҚТЫ ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ



Бүгін аймақта «Репродуктивті денсаулықты қорғау: денсаулық сақтау қызметтерімен жаппай қамту жолында» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. 
Дүниежүзілік денсаулық күніне орайластырылған шараға халықаралық, республикалық, өңірлік медицина ұйымдарының өкілдері қатысты. 
Конференция барысында ұрпақ өрбіту мәселелері, жасөспірімдер мен жастардың репродуктивті саулығын сақтау және нығайту бағытында атқарылатын жұмыстарды жүйелендіру жолдары талқыланды. 
Сондай-ақ, әр бозбала мен бойжеткеннің отбасын жоспарлау ұғымын терең түсініп, ұрпағының болашағына жауапкершілікпен қарау қажеттілігі айтылды.
ӨҢІРЛІК КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІНІҢ ФБ ПАРАҚШАСЫНАН
08 сәуір 2018 ж. 2 391 0