Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «СЫР – АЛАШТЫҢ АНАСЫ» АТТЫ ҒЫЛЫМИ-ТАНЫМДЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

«СЫР – АЛАШТЫҢ АНАСЫ» АТТЫ ҒЫЛЫМИ-ТАНЫМДЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ



Қызылорда қаласының 200 жылдығына орай Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында  «Сыр – Алаштың анасы» атты ғылыми – танымдық конференциясы өтті.
«Сыр – Алаштың анасы». Бұл – көненің көзі, мәдени мұралардың асыл көмбесі, талай тарихты қойнауына бүккен, талай тарланды қанаттандырған Қызылорда жайлы Елбасының сөзі.  Қазақ тарихында өзіндік үлкен рөл атқаратын қаланың тарихы да тереңде жатыр. Сонау 1818 жылы Қоқан хандығы кезінде Сырдария бойында бой көтерген алғашқы қорған Ақмешіт болып аталады. Ал 1922-1925 жылдары қала қайта Ақмешіт атанды. 1925 жылы қазақтың орталығы болған қала Қызылорда атын иемденеді. Яғни, бұл қала қазақ халқының алғаш рет «қазақ» атануының тарихи куәгері болды. Сыр өңірі – тарих қойнауында қатпарлы ізі қалған талай оқиғаның құрбанына айналған жандарға пана болған, сан ұлт пен ұлысты жатсынбай бауырына басқан алты Алаштың анасы. Талай заманның дүбіріне куә болған қарт өзеннің тарихы да ежелгі Тигр, Ефрат, Ніл өзендері бойында өсіп-өнген халықтардың тарихы сықылды тым тереңде. Оған сақ, ғұн өркениетінен күні бүгінге дейін сақталған тарихи-мәдени ескерткіштер куә.
Конференцияға зиялы қауым, қоғам қайраткерлері, университет профессорлары, оқытушылары, студенттер және кітапхана оқырмандары   қатысты. Конференция барысында тарихшы-ғалымдар «Қорқыттану және өлке тарихы» ғылыми зерттеу институтының ғылыми қызметкері Ахметбек Бахытжан, философия және мәдениеттану кафедрасының оқытушылары Жаппасбаев Әлібек және Жәрімбет Ғалия баяндамаларын жасап, құнды ескерткіштерді, маңызды орындарды сақтап қалу мәселелері сынды бірқатар ойды ортаға салды.
Конференция барысында қатысушылар  ой мен қоса ұсыныстарын ортаға салды. Атап айтсақ, Қызылорданың сол жағалауында Алаш көсемдеріне арналған аллея ашу, Сыр елінен шыққан белгілі қайраткерлердің ұрпаққа өсиет ретінде айтылған қанатты сөздерінен құралған жинақ шығару. Конференция соңында қатысушылар «Бойында  дарияның бір қала бар...» атты кітап көрмесімен танысты.
04 наурыз 2018 ж. 1 701 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930