Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұлт руханиятын арқалаған Алма

Ұлт руханиятын арқалаған Алма


Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында ауданымыздың Сұлутөбе ауылдық округіне қарасты 1 Мамыр ауылындағы Алма Қыраубаева атындағы №40 мектепте ғалым бюстінің лентасын қию салтанатына ҚазМҰУ-дің ғалымдары, ауыл ардагерлері мен аудандық білім бөлімінен, мектеп басшылары қатысты.Сонымен қатар мектептегі ғалымның өмір жолы мен еңбектеріне арналған музейімен танысу шарасында ұстаздар мен мектеп оқушылары, қонақтар көріп тамашалады.
Шара барысында Алма Қыраубаеваның 70 жылдығына орай облысымыздағы студенттер сарайында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция, «Меруерт» мейрамханасында ғалымның әруағына бағыштап ас берілді.
Конференция барысында баяндама жасаған «Алма әдеби зерттеулерінің Ұлт руханиятындағы маңызы» жайлы филология ғылымдарының докторы, ғалым Ш.Ибраев «Алманың өмір жолы жайлы айта келіп, ғалымның Сыр бойындағы термеші-жыраулар (Тұрмағанбет, Нұртуған, Базар, Балқы Омар, Дүр Омар т.б) тарихын зерттеп олардың қалыптасуы туралы айта келіп, ғалым Алма Қыраубаева бізге бұдан 20 жыл бұрынғы ауыз әдебиеті тарихының көне шежіресін көз алдымызға әкеліп, өшпес із қалдырды. Бұндай жан­кешті еңбек бұрын-соңды әдебиет тарихын зерттеушілердің, ғалымдардың, оның ішінде Алмадай қазақ қызында болмаған» деп баяндады. Филология ғылымының докторы Алмамен қатарлас замандас болған Тілеков мырза Алманың бойындағы адамгершілік ізгі қасиеттерін, қазақ қызына тән биязы, сыпайы, кішіпейіл, қарапайымдылығы мен адам баласына деген мейірім шапағатының ерекшелігіне тоқталды.
Ғалымның еңбек жолындағы келер ұрпақ үшін жасаған қайырымды істері мол. Ол «тоқырау» кезінде Алматының Ө.Жандосов ауылынан «Жандосов» атындағы мектеп-лицейде өз қаражатымен нашар оқитын, жағдайы төмен 50 (елу) оқушыны оқытып, тәрбиеледі.
Қазақтың баласына ұлттық са­на, тәр­­биемен қоса білімге баулыған А.Мүтәліпқызының өлмес, өшпес мұрасы жайлы сөз қозғаған шәкірттері ОҚО, Тараз (Дулати университеті) Түркістан (Йасауи университеті) Алманың Жандосов атындағы мектеп-лицейіндегі еңбектерінен, шәкірттерінің құжаттамаларынан арнайы естелік ретінде (кітапша-файл) аманат деп Алма Қыраубаева атындағы №40 мектеп директоры (қазіргі) О.Елжасарова ханымға табыстады.
Ғалым Қыраубаева Алма Мүтәліп­қызының 70 жылдық мерейтойына, өмір жолы мен ғылыми-тәрбиелік конференция жоғары деңгейде, есте қаларлық, мазмұнды да маңызды өтті. Осы шараны жоғары деңгейде ұйымдастырған аудан әкімдігіне рақметіміз зор.

Оразбек Жұмаділұлы.
20 желтоқсан 2017 ж. 2 221 0