Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «ҮЗДІК ЕҢБЕК АДАМЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПАТРИОТТЫҚ БАЙҚАУЫ

«ҮЗДІК ЕҢБЕК АДАМЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПАТРИОТТЫҚ БАЙҚАУЫ

ЕҢБЕК АДАМЫ- ЕЛДІҢ ТІРЕГІ, ҰРПАҚТЫҢ ҮЛГІСІ — Shyndyq.kz ақпараттық сайты ҚР ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 35 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫНА ОРАЙ
«ҮЗДІК ЕҢБЕК АДАМЫ»
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПАТРИОТТЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ӨТКІЗУ ЕРЕЖЕСІ
«Жаңа Қазақстан» инновациялық орталығының ұйымдастыруымен өтетін «ҮЗДІК ЕҢБЕК АДАМЫ» атты республикалық патриоттық байқауына өз мамандықтарының хас шебелерін, еңбек адамдарын қатысуға шақырамыз.
ІС-ШАРАНЫҢ МАҚСАТЫ: Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына арнаған жолдауында: «Кәсібилік пен еңбекқорлық қоғамымызда ең жоғары орында тұруы қажет. Тағы да қайталап айтамын. Елімізде еңбекқор адам, кәсіби маман ең сыйлы адам болуға тиіс .Осындай азаматтар мемлекетімізді дамытады. Біз қарапайым еңбек адамына құрмет көрсетуіміз керек. Қандай кәсіппен айналыссаң да, оны сапалы атқару маңызды.
Біз түрлі саладағы мамандарға, қатардағы жұмысшыларға құрмет көрсетуіміз қажет. Бәсекеге қабілетті экономикасы бар озық ел боламыз десек, ең алдымен, адал еңбекті бағалаған абзал»,- деп атап өтті.
Осы ретте Тәуелсіздік жылдары адал еңбек етіп, өз мамандығының хас шебері атанып, елеулі еңбек етіп,еліміздің дамуына үлес қосып жүрген азаматтарды қоғамда кеңінен насихаттау,жастарға үлгі ету.
Республикалық байқау қатысушылары:
Қазақстан Республикасының еңбек нарығында кемінде 7 жыл еңбек өтілі бар, ұлтжанды, ұжымында белсенді, абыройлы, өзінің парасаттылығымен жас буынға үлгі өнеге көрсетіп жүрген азаматтар.
Байқаудың шарттары:
Байқау екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең бойына қатысушы өзі жайлы жазылған 2 беттен артық емес өмірбаянын (14 кегл, Times New Roman) және өтініш кестесін толтырып бірге жіберу қажет. Сондай-ақ,  өмірбаяндағы жеткен жетістіктерін растайтын құжат көшірмелері (мыс: алынған алғыс хат, сертификат, куәлік және т.б) қоса тіркелуі тиіс
Құжаттар astana-20n@mail.ru  электронды почтасына немесе + 7 707 410 1324 WHATSapp нөмеріне 2026 жылдың наурыз айының 30-на дейін қабылданады
Байқау жеңімпаздарына төмендегі марапаттар табысталады:
  • «ҮЗДІК ЕҢБЕК АДАМЫ» төсбелгісі:
  • «ҮЗДІК ЕҢБЕК АДАМЫ» статуэткасы:
  • КУӘЛІК;
  • ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ;
  • Қатысушыға қолдау көрсеткені үшін мекеме басшысының атына Алғыс хат табысталады.
Байқаудың марапаттау рәсімі Астана қаласында конфереция түрінде өтеді Қорытынды конференция бағдарламасы іріктеліп алынған қатысушыларға жіберіледі. Қорытынды конференция барысында елімізге белгілі тұлғалардың қолынан төсбелгі және тағы басқа марапаттар табыс етіледі.
Ұйымдастыру алқасының сайты: https://bilim-ork.kz/
Инстаграм парақшасы:@bilim_orkeniety
Ұйымдастыру алқасы:
+ 7 707 410 1324, + 747 702 5262, +7 707 142 7440
01 сәуір 2026 ж. 41 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (9390)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (9389)

28 наурыз 2026 ж.

№21 (9388)

23 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930