Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ – ҰРПАҚҚА МІНДЕТ

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ – ҰРПАҚҚА МІНДЕТ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында «Кәсібилік пен еңбекқорлық қоғамымызда ең жоғары орында тұруы қажет. Елімізде еңбекқор адам, кәсіби маман ең сыйлы адам болуға тиіс. Осындай азаматтар мемлекетімізді дамытады. Біз қарапайым еңбек адамына құрмет көрсетуіміз керек. Қандай кәсіппен айналыссаң да, оны сапалы атқару маңызды» деген болатын. Ал соңғы Жолдауында 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады. Осыдан-ақ елімізде еңбеккерлерге деген қолдаудың қалыпты жолға түскенін аңғаруға болады.
Түнеукүні Ақмая ауылдық клуб үйінің ұйымдастыруымен жұмысшы мамандықтар жылы»аясында ауылда қарапайым еңбек етіп, құрметті зейнетке шыққан еңбек ардагерлерімен кездесу өтті. Алдымен ауыл тарихынан сыр шертетін кітап көрмесі таныстырылып, келген қонақтарға мағлұмат берілді. Тағылымды шараға дәрігерлік емханада 36 жыл медбике болып жұмыс істеген Ырыскүл Қосымқызы, 40 жыл күрішші, қырман меңгерушісі болған Құндызай Дәрібаева, 40 жыл мал дәрігері болған Төрехан Рсай, 35 жыл фермада сауыншы болған Меңдігүл Есенбекова, 40 жылдан аса егін егумен, күрішті күтіп баптаумен айналысқан Сәулебек Жүнісұлы, 31 жыл шөпте, сауыншылықта жұмыс істеген Оразкүл Балтай, 40 жылдан аса механизатор болып, ауыл шаруашылығының дамуына елеулі үлес қосқан Берікбай Ибрагимов арнайы шақырылған. Кездесуде ардагерлердің еңбек жолы таныстырылып, оқушылар мен көрермендер қонақтарға сұрақтар қою арқылы, болашақтарына қажет мәліметтерді алды. Сондай-ақ еңбек озаттарынан қонақ кәде сұралып, ән де айтылды. Кеш соңында ардагерлерге клуб үйінің өнерпаздары қонақтарға әсем әндерін шырқап, сый-сияпаттарын табыс етті. Иә, адам өз несібесін еңбектен ғана табады. Қолынан келгенін аянбайтын әр адамға әркез сыйқұрмет көрсетілуі тиіс. Президенттің: «Қарапайым еңбек адамына деген құрметті арттырып, ел сүйсініп қарайтындай жағдай жасау қажет» деп атап өтуі де өте орынды. «Өнегесіз өмірдің өрісі тар, өнегелі өмірдің өрісі бар» демекші, адал еңбекпен нан тауып, өз ісінде шеберлік танытқан өнегелі азаматтар көп болсын деп тілейік. Солардың жанынан табылып, ұлттық мүддемізді жоғары ұстасақ, «мың өліп, мың тірілген» қазақ өз соқпағынан жаңылыспай, әрі қарай дами берері анық.

М.ИБРАГИМОВ
21 сәуір 2025 ж. 37 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№28 (9295)

21 сәуір 2025 ж.

№27 (9294)

15 сәуір 2025 ж.

№26 (9293)

13 сәуір 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930