Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚР ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 35 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫНА ОРАЙ «ТӘУЕЛСІЗДІК ТІРЕГІ – ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПАТРИОТТЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ӨТКІЗУ ЕРЕЖЕСІ

ҚР ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 35 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫНА ОРАЙ «ТӘУЕЛСІЗДІК ТІРЕГІ – ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПАТРИОТТЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ӨТКІЗУ ЕРЕЖЕСІ

ҚР Тәуелсіздігінің 35 жылдық мерейтойына орай «Жаңа Қазақстан» Республикалық инновациялық орталығының ұйымдастыруымен өтетін ««ТӘУЕЛСІЗДІК ТІРЕГІ – ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТ» атты республикалық байқауына  барлық сала өкілдерін  қатысуға шақырамыз!

ІС - ШАРАНЫҢ МАҚСАТЫ:  
ҚР Тәуелсіздігі – бұл біздің халқымыздың сан ғасырлар бойғы азаттық жолындағы күресінің, төзімі мен қажырлы еңбегінің жемісі. 2026 жылы біз егемендігіміздің айтулы белесі - 35 жылдық мерейтойын атап өтетін боламыз. Осы ретте, байқаудың мақсаты: тәуелсіздіктің қастерлі де, киелі ұғым екендігін, ұлттық бірегейлік пен бірліктің маңыздылығын қоғамға дәріптеу, Тәуелсіздік жылдары еліміздің әлеуметтік-экономикалықдамуына елеулі үлес қосқан, қоғамдық бастамалар мен іс-шараларға белсене атсалысқан, табанды еңбегімен, парасат-пайымымен және азаматтық ұстанымымен ерекшеленген тұлғаларды айқындау және олардың өнегелі өмір жолын республикалық деңгейде кеңінен насихаттау.
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ   БАЙҚАУ  ҚАТЫСУШЫЛАРЫ:
Қазақстан Республикасының еңбек нарығында кемінде 10 жыл еңбек өтілі бар, ұжымында белсенді, абыройлы, өзінің парасаттылығымен жас буынға үлгі өнеге көрсетіп жүрген, өз мамандығының хас шебері атанып, еліміздің дамуына үлес қосып жүрген тұлғалар.
БАЙҚАУДЫҢ ШАРТТАРЫ:
Байқау екі кезеңнен түрады. Бірінші кезең бойынша қатысушы өзі жайлы жазылған 2 беттен артық емес өмірбаянын (14 кегл, Times New Roman) және өтініш кестесін толтырып, бірге жіберу қажет. Сондай-ақ, жеткен жетістіктерін растайтын құжат көшірмелері (мыс: алынған алғыс, сертификат, куәлік және т.б) қоса тіркелуі тиіс.
Құжаттар 2026 жылдың ақпан айының 20-на дейін astana-20n@mai.ru электронды почтасына немесе  +7 7074101324 WhatsApp  номеріне қабылданады.    
Байқау қатысушыларына табысталады:
  • «ТӘУЕЛСІЗДІК ТІРЕГІ – ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТ» Төсбелгісі
  • «ТӘУЕЛСІЗДІК ТІРЕГІ – ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТ» статуэткасы;
  • КУӘЛІК;
  • ҚҰРМЕТ  ГРАМОТАСЫ;
  • Қатысушыға қолдау көрсеткені үшін мекеме басшысының атына Алғыс хат
Байқаудың  марапаттау  рәсімі Астана қаласында конференция түрінде өтеді. Қорытынды конференция бағдарламасы іріктеліп алынған қатысушыларға жіберіледі. Қорытынды конференция барысында елімізге белгілі тұлғалардың қолынан төсбелгі және басқа марапаттар табыс етіледі.
Ұйымдастыру  алқасының  сайты:  https://bilim-ork.kz/
Электронды почта: astana-20n@mail.ru
Инстаграм парақшасы: @bilim_orkeniety
Ұйымдастыру алқасы:
7 707 410 13 24, 7 747 70252 62, 7 707 142 74 40
23 қаңтар 2026 ж. 34 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (9372)

21 қаңтар 2026 ж.

№4 (9371)

17 қаңтар 2026 ж.

№3 (9370)

13 қаңтар 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031