Мереке қарсаңындағы марапат

Екі кезеңнен тұратын байқауды Қазақстан Республикасы «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы ұйымдастырды. Оған Б.Қабылұлы атындағы мәдениет үйінің әдістемелік бөлім меңгерушісі Гүлшат Әбдімомынова қатысып, жеңімпаз атанған болатын. Марапаттау рәсіміне арнайы Астана қаласына барып қатысқан Гүлшат Шайзадақызы I дәрежелі дипломмен және ҚР Еңбек озаттарының алтын төсбелгісі, алтын кітабы, куәлік және құрмет грамотасымен марапатталды. Айта кетейік Г.Әбдімомынова бұған дейін «Бейбітшілік Әлемі» халықаралық қазақ шығармашылық бірлестігінің «Мәдениет майталманы» медалі және «Шиелі ауданына – 90 жыл» мерекелік медалімен, Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлері кәсіподағының «Еңбек даңқы» төсбелгісімен марапатталып, облыстық мәдениет басқармасының «Жарқын болашақ – бүгінгі білікті маман» атты үздіктерді насихаттайтын кітапқа енген. Одан бөлек көптеген республикалық, облыстық байқаулардың жүлдегері.
Мәдениет қызметкерлері мерекесі қарсаңында мерейі үстем болған жерлесімізді марапатымен құттықтаймыз!