Алқаптан агроөнеркәсіптік тізбекке дейін
Аграрлы өңірімізде әуелден негізгі басымдық күрішке берілген. Алайда қазіргідей тіршілік нәрінің тапшылығы орын алып отырған уақытта егіншілер біртіндеп тек егіс көлемін ұлғайтуға емес, құрылымын әртараптандыруға, жоғары табысты дақылдарға және өндірілген өнімді терең өңдеуге көбірек бет бұрып келеді. Осы үдерісте жүгерінің маңызы артып отыр.Жүгерінің ерекшелігі — оның бірнеше өндірістік бағыттың шикізаты бола алатындығында. Облыста жүгері алқаптарының ұлғаюын тек экономикалық тиімділікпен түсіндіру жеткіліксіз. Өңірдің бүгінгі аграрлық күн тәртібінде бірінші орында тұрған мәселе — су ресурсын тиімді пайдалану.
«Сары алтынның» алқабы кеңеюде
Соңғы жылдары су тапшылығы мен суармалы судың тұрақтылығы егін шаруашылығының құрылымына тікелей әсер ете бастады. Сондықтан агросала үшін негізгі міндеттердің бірі — бұрынғы өндіріс көлемін сақтай отырып, суды аз жұмсайтын және экономикалық қайтарымы бар дақылдардың үлесін арттыру. Осы тұрғыдан жүгеріге деген қызығушылықтың артуы заңды.

Биыл облыс бойынша күріш алқаптарының бір бөлігі қысқарып, оның орнына суды салыстырмалы түрде аз қажет ететін дақылдарға басымдық берілуде. Соның ішінде жүгері алқабының көлемі 15 мың гектарға ұлғайып отыр.
Бұл жерде жүгеріні күрішке толық балама ретінде қарастыруға болмайды. Дақылдардың су қажеттілігі сортқа, вегетациялық кезеңге, топыраққа, ауа райына және қолданылатын суару технологиясына байланысты өзгереді. Бірақ өңірдің су ресурсы шектеулі жағдайда егіс құрылымын әртараптандырудың бір бағыты ретінде жүгерінің маңызы артып келеді. Бұл өзгеріс суару технологияларына деген талапты да күшейтеді.
Шиелі ауданындағы «Таң LTD» ЖШС-нің тәжірибесі — соның бірі. 2024 жылы шаруашылық өңірде алғашқылардың бірі болып жүгеріні тамшылатып суару технологиясымен өсіре бастады. Мамандардың бағалауынша, бұл технология су шығынын 40 пайызға дейін үнемдеуге мүмкіндік береді.
«Таң LTD» жобасының тарихы бірнеше жыл бұрын басталған. Серіктестікке 2017 жылы Телікөл қашыртқысының маңынан жалпы көлемі шамамен 5 мың гектар болатын екі жер учаскесін ауыл шаруашылығы дақылдарын егу мақсатында жалға алу құқығы берілген. 2018-2019 жылдары шаруашылық 1500 гектар жайылымдық жерді егістікке қайта игеріп, ішкі каналдар мен қашыртқылар қазған. Алғашқы жылдары 500 гектарға жоңышқа егілсе, 2023 жылдан бастап негізгі бағыттардың бірі жүгері өндірісіне ауысты.
Бұл мысал — жүгері алқабы бір күнде пайда болмайтынын көрсетеді. Суармалы егіншілік үшін жерді дайындау, канал қазу, артық суды жүйе құру, техника сатып алу және суару технологиясын енгізу қажет.
«Таң LTD» жобасының құны шамамен 4 млрд теңге. Жоспарланған өндірістік қуаты — жылына 12 мың тонна жүгері. Қазіргі кезеңде шаруашылық 1000 гектарға дәндік жүгері егіп, тамшылатып суару технологиясын пайдаланып отыр. Кәсіпорында 23 ауыл шаруашылығы техникасы жұмыс істейді, 30 адам жұмыспен қамтылған. Бұдан бөлек, «Таң LTD» қытайлық «Bayan Country Jiarun Agricultural Development CO» компаниясымен бірлесіп, жүгері өсірілетін аумақты 3000 гектарға дейін жеткізу жобасын қарастыруда
Яғни аудандағы бұл жоба жүгері өндірісінің жай ғана егіс көлемін ұлғайту емес, инвестиция, суару технологиясы, техника және халықаралық серіктестік біріктірілген агробизнеске айналып келе жатқанын көрсетеді.
Одан бөлек «Центр Семеноводства» ЖШС биыл 1000 гектарға жүгері егіп, жаңбырлатып суару әдісін қолданды. Қазіргі уақытта кәсіпорында 20 жаңбырлатқыш қондырғы бар. Сонымен қатар бір культиватор және бір дән сепкіш техникасы сатып алынған. Мұнда 28 адам жұмыспен қамтылған.
«Центр Семеноводства» ЖШС-не 2025 жылғы желтоқсанда Шиелі ауданының Талаптан ауылдық округіне қарасты аумақтан ауыл шаруашылығы дақылдарын егу үшін 10 мың гектар жерді бес жыл мерзімге жалға алу құқығы берілген. Сонымен бірге электр желілеріне арналған 2,4 гектар жер телімі қарастырылған. Жобаның құны шамамен 4 млрд теңге. Қаржыландыру инвестордың өз қаражаты және «Байқоңыр» ӘКК АҚ-мен бірлескен қаржыландыру есебінен жүзеге асырылуда.
«Шолпан ана» шаруа қожалығы да бұл тізбекке қосылып келеді. Шаруашылық Жөлек ауылдық округіндегі 70 гектар алқапқа дәндік жүгері еккен. Алғашқы нәтижелер өнімнің шығымы жақсы екенін көрсетіп отыр.
Айта кетейік, диқандар өнімді Жамбыл облысындағы крахмал зауытына өткізуді көздейді. Демек, Қызылордада өсірілген жүгері жергілікті алқапта басталғанымен, оның өндірістік тізбегі басқа облыста жалғасады.
Неге дәл жүгері?
Жүгерінің басты артықшылығы — әмбебаптығы. Оны дән ретінде азық-түлікке, мал азығына және өнеркәсіпке пайдалануға болады. Ал сабағы, собығы, дәнінің кебегі мен басқа да жанама өнімдері де кәдеге жарайды.

FAO мәліметтері бойынша, жүгерінің негізгі бағыттары — адам тағамы, мал азығы және өнеркәсіптік шикізат. Дәнді құрғақ немесе ылғалды әдіспен өңдеу арқылы ұн, жарма, крахмал, май және басқа да өнімдер алынады.
Оның үстіне дәндік жүгеріге мемлекеттік қолдау ретінде тоннасына 23 231 теңге субсидия қарастырылған. Сондай-ақ өсімдік шаруашылығында тұқым, минералдық тыңайтқыш, пестицидтер мен биологиялық агенттердің құнын ішінара өтеуге арналған субсидиялау тетіктері де бар.
Фермерлер үшін тағы бір маңызды бағыт — жеңілдетілген қаржыландыру. Биыл көктемгі дала жұмыстарын қаржыландыруға шамамен 700 млрд теңге бағыттау жоспарланған. Бұған қоса ауыл шаруашылығы техникасын жеңілдетілген лизингпен алуға кемінде 300 млрд теңге қарастырылған.
Суармалы егіншілік үшін де қолдау күшейіп келеді. Су алу инфрақұрылымына және суару жүйелерін сатып алып, орнатуға жұмсалатын шығындардың өтелу үлесінің 50 пайыздан 80 пайызға дейін ұлғаюы су үнемдеу технологияларын енгізуге қосымша ынталандыру береді.
Жүгерінің ауыл шаруашылығына пайдасы қандай?
Алдымен, жүгері суды аз қажет ететін дақыл. Оған қоса бізде күріштің үлесі жоғары болғандықтан, басқа дақылдарды көбейту фермердің бір ғана нарыққа тәуелділігін азайтуға мүмкіндік береді. Екіншіден, жүгері мал шаруашылығымен тікелей байланысты. Үшіншіден, жүгері қайта өңдеу өнеркәсібіне шикізат береді. Төртіншіден, жүгері өндірісінің өсуі тұқым өндіру, техника, суару, сақтау, логистика, қойма, құрамажем және қайта өңдеу сияқты аралас салалардың дамуына серпін береді.

Мал азығы үшін жүгерінің маңызы ерекше. Жүгері дәні энергияға бай концентратты азық ретінде мал рационында кең қолданылады. Ал өсімдік толық піскенге дейін жиналып, сүрлемге салынған азық әсіресе сүтті және етті бағыттағы ірі қара шаруашылықтары үшін маңызды. Осыдан жүгерінің көп бағытты өңдеуге жарамды шикізат ретінде бағалауға болады.
Шашағы да шипалы
Жалпы жүгеріден қалдық қалмайды. Себебі оның экономикалық құндылығы дәнімен ғана шектелмейді. Дәні өңдеуге кетсе, собығы мен сабағы да мал азығына, органикалық тыңайтқышқа, биоотынға немесе басқа да өнеркәсіптік өнімдерге шикізат бола алады. Яғни терең өңдеу жағдайында жүгерінің негізгі өнімі ғана емес, жанама өнімдері де экономикалық айналымға енгізіледі. Ал шашағын халық емі түрлі дертке дауа деп тапқан. Оның сығындысын дәріханадан да алуға болады. Негізінен қант диабеті, цистит, өтке тас жиналу, бауыр ауруларына шипа ретінде жиі пайдаланып жатады.

Әлем жүгеріні қалай пайдаланады?
Жүгері әлемдік ауыл шаруашылығындағы ең маңызды дақылдардың бірі. Әлемдік тәжірибеде оның бірнеше моделі қалыптасқан. АҚШ-та жүгері ірі көлемде өсіріліп, мал азығына, өнеркәсіпке, экспортқа және биоотын өндірісіне пайдаланылады. Бразилияда жүгері өндірісі мал шаруашылығы және экспорттық агробизнеспен тығыз байланысты. Мексикада жүгерінің азық-түліктегі дәстүрлі маңызы ерекше. Еуропада дәндік жүгерімен қатар сүрлемдік жүгері де мал шаруашылығында кең қолданылады.

Қорыта айтқанда жүгері су тапшылығы жағдайында агросаланың жаңа бағытын қалыптастыра алатын мүмкіндік. Оны өсірудің экономикалық пайдасымен қатар, мал азығы, тағам және өнеркәсіптік өңдеу бағыттарындағы әлеуеті де мол. Сондықтан шаруалардың нарық талабына қарай бейімделіп, жүгері өндірісін заманауи суару технологияларымен ұштастыра дамытуы маңызды.
Алайда өнім өндірумен шектелу жеткіліксіз. Бүгінде обылста өсірілген жүгеріні өңдеу үшін өзге өңірлерге жөнелтіледі. Демек, келесі қадам — осы өндірістік тізбекті өңірдің өзінде қалыптастыру. Ол үшін бірден ірі зауыт салу міндетті емес. Алдымен шағын өндіріс орындарын жолға қойып, жүгеріден крахмал, ұн, мал азығы немесе консерві өнімдерін шығару бағыттарын қарастыруға болады.
Егер егістіктен алынған өнімді сол жерде өңдеп, дайын тауарға айналдыру жолға қойылса, жүгерінің аймақ экономикасына берер қайтарымы да еселене түсер еді. Бұл — жаңа жұмыс орындары, қосымша салық түсімі, шаруалар үшін тұрақты өткізу нарығы және ең бастысы, өңірдің ауыл шаруашылығында шикізат өндіруден терең өңдеуге қарай жасалған маңызды қадам болмақ.
Гүлхан ЯХИЯ