Алашқа аты мәшһүр - Иманжүсіп
Қыран едім, қор болдым торға түсіп,Аспаныма шығармын бір күн ұшып.
Бар қатыны қазақтың ұл тапса да,
Бірі де бола алмайды Иманжүсіп!
Қатпарлы қалың әдебиетімізді жасаушылар – көмейіне көрікті ой құйылған дарқан даламыздың дарабоз дарындары мен тума таланттары қай заманда да дәріптелері сөзсіз. Біз сөз еткелі отырған сал-серілер поэзиясының алып өкілдерінің бірі – Иманжүсіп Құтпанұлының да өлшеулі өмірінде тағдырдың небір теперіштерін көріп, әділетсіздікке жан-дүниесімен қарсы боп өткен ірі ақын, арқалы әнші, ұлы өнердің тұғыры биік тұлғасы екендігін ешкім де жоққа шығара алмайды. Бүгінгі менің шағын зерттеу еңбегім де Иманжүсіп бабамыздың өмір жолы, артына аманат қып қалдырып кеткен өлшеусіз өнері, шыңға өрлеген шығармашылығы хақында болмақ. Иманжүсіпті дүниеге әкелген өлке – батысынан шығысына шарықтаса қыран құстың қанаты талатын ұлан-ғайыр қазақ даласының солтүстік өңірі, дәлірек айтқанда, қазіргі Кереку топырағы. 1863 жылы жарық жаһан есігін айқара ашқан ақын 1931 жылдың 2 наурызында жалған жаланың құрбаны болып дүниеден озады.
«Иманжүсіп бала кезінен музыкаға жақын болған. Келе-келе қолына домбыра алып, сал-сері деген атқа ие болады. Осы уақытта өзі шығарған «Ерейментау», «Сарымойын», «Сарыарқа», «Сейпіл Мәлік», «Әкем – Құтпан», «Сарыбел» деген әндері қалың елдің арасына кеңінен тарайды. Иманжүсіп сол кездегі әншілер сияқты әнін де, сөзін де өзі шығарған. Тек қана сауық-сайран құрып жүрмей, елінің қамын ойлап, отаршылдарға қарсылығын ашық білдіріп отырды. Ол кісі батыр тұлғалы, бойының биіктігі 2 м. 10 см. болған деседі. Ең алғаш 1904-1906 жылдары ұсталып, Өскемендегі абақтыға айдалады. Мерзімін өтеп шыққан соң Ақмоланың губернаторы Иманжүсіптен қаймығып, Лепсі уезіне қоныс аудартқызады. Патша тақтан құлап, кеңес өкіметі орнап, кейін сталиндік зұлматта да, ашаршылық жылдарында да халықтың сойылын соғып, белсенділерге ұнамай жүреді. Мойынқұм көтерілісіне қатысты деп 1931 жылы репрессияға ұшырайды. Содан 1960 жылы ақталып, 1972 жылы Иманжүсіп әндері деген пластинкасы шығады. 1990 жылы тағы да ақталады. Әндерінің көбінің сөздері жоғалған” деген дерек береді Иманжүсіптің немересі Раушан Көшенова.
Иманжүсіп текті тұқымнан. Ата-бабасы Сыр елінің көсемі, батыры болған екен. Оның ұлы атасы Тұрғанбай датқа Сіргебайұлы Түркістанды билепті. Қоқан хандығының езгісіне көнбей шайқасып, сол күрес үстінде мерт болыпты. Өз әкесі – Құтпан (Баймырза) Кенесары – Наурызбай бастаған ұлт-азаттық қозғалысының жаужүрек ерлерінің бірі болған. Ақыр соңында Жетісуға жер аударылып, ұзақ жасап, айдауда жүріп өледі.
Бұл жайында серінің өзі былай дейді:
Әкем – Құтпaн болғанда, ағам – Шоңай,
Кісі емеспіз біз шыққан жерден оңай.
Атшабарын болыстың сабаушы едім,
Аяғын байлап тастап қойдан да оңай.
Иманжүсіп үш ағайынды екен. Ағалары Ақшабай мен Шоңай елге белгілі, дәулеттті кісілер болған. Иманжүсіптің анасының аты Үміш (Ұрқия) арғынның бәсентиін руынан.
Заманы жүріп тұрған кезінде сері бабамыздың атағы алты Алашқа тараған.
Мен елімде жүргенде жұрттан астым,
Менменсіген талайдың көңілін бастым.
Жаныма ерген жігітке олжа салып,
Бір ауылдың сегіз қызын алып қаштым.
Мен қалайша жалғанда тұрақтайын,
Өрт тиіп лаулап жанған құрақтайын?
Аузы түкті кәпірдің талайларын,
Бақыртып бауыздаушы ем лақтайын, – деуі де сондықтан.
Бала шағында басынан сөз асырмай, ерке өскен серінің аты жас кезінде-ақ күллі қазаққа мәлім болады. Иманжүсіп өз өмірінде талай қудалауға ұшырағаны жөнінде жоғарыда айтылды. Оның шыншыл мінезі, өр тұлғасы, момын халықтың мұң-мұқтажын айтуы әсте, билік тізгініндегілерге ұнамайды. Ел арасындағы даулы мәселелерді қазақ халқын аяққа таптағысы келген алпауыт Ресей империясының шығарған заңдарымен емес, ғасырлар бойы қалыптасқан даланың халықтың жүрегінде сақталған заңдарымен шешіп, шынжыр балақ, шұбар төс шонжарларға қайсарлықпен қарсы шығады. Қай кезде де әділеттің ақ туын жүрегіне желеу еткен ол әлсіздердің жел жағына пана болып, Ресейдің сойылын соққан шекпенділерді қалың жұрттың көзінше соққыға жыққан деседі. Дегенмен де, көп нәрсені ақыл таразысымен шешетін сері өз өмірінде елдің сөзін сөйлеп өтеді.
Иманжүсіп өмірін сөз еткенде Рақымжан есімі ойға оралады. Деректерде Рақымжан бір кездері Иманжүсіптің досы болған, кейін сайлауға түскен соң араздасып кеткен болыс ретінде көрінеді. Ал, Оразбек Сәрсенбаев еңбегінде Рақымжан мүлдем басқаша кейіпте көрсетіледі. Сөзбе-сөз оқып көрейік: «Рақымжан Жайықбаевтың қиянатшылдығы да кісі таңғаларлықтай. Ол әуелі уезд бастығының қолдауымен отыз екі жастағы жігіт ағасын «жасы толмаған» деген қисынсыз сылтаумен болыс сайлауына қатыстырмай қояды. Егер Иманжүсіп сайлауға қатысса, ел ішінде атышулы беделді азаматтың басым түсуі әбден мүмкін еді. Әрі оның екі ағасы да қарапайым қатардағы шаруалар емес. Олар інілерін бақталасына қосқанда барын салғаны белгілі. Бірақ, бәрібір ұлықтардың аузын алып қойған Рақымжан бұл жолы Тұрғанбай датқаның әулетін жеңіп шығады. Жеңіп шығып қана қоймайды, жеңілген Иманжүсіптің соңына бұдан былай шырақ алып түседі».
Меніңше, соңғы дерек шындыққа көбірек жанасатын сияқты. Өйткені, бір жылдары арасынан қыл өтпейтін дос болған Рақымжандай бір елдің тұтқасының айдаладағы өсекке еріп, серіге қастандық жасауы ақылға сыймайтын іс. Иманжүсіптей ардақтымыздың да бір кездері болыспен дос болған жағдайында жел сөзге лепіріп сайлауға түсуі де дәйексіз. Сыйлас адамдар болған болса Иманжүсіп:
Сыйынамын сақта деп құрған тордан,
Сен аянба Рақымжан, келсе қолдан.
Сеніменен жараймын айқасуға,
Алады бұл бәйгені ойы озған, – демес еді.
Қазақтың белгілі аталарының ұрпақтарының қырқысы орыс ұлықтарына тиімді еді. Енді, олар үкіметтің заң законына пысқырмайтын дала серісін біржолата құртудың қамына батыл кіріседі.
Сол кездегі уезд бастығы неше түрлі жала жауып, арыздың үстіне арыз жаздырып Иманжүсіпті ұстау үшін арнайы жасақ шығарып, тұтқынға алып, Ақмолаға әкеліп қамайды. Алайда, Иманжүсіптің ағалары Ақшабай мен Шоңай ұлықтарға арыз түсіріп, бар даулы мәселені билер сотымен шешуді талап етеді. Билер сотының талқысына түскен Иманжүсіп бұл жолғы пәледен тағы да құтылып кетеді.
Бостандыққа шыққан Иманжүсіп соңына түскен адамдардың малдарын айдап әкетіп, қарсылық көрсеткендерінің басын жарып, жауларына қырғидай тиеді. Иманжүсіптің «баукеспе, ұры» деген атағы да менің ойымша осы кезге байланысты айтылса керек. Өйткені, халықтың сөзін сөйлеген серінің қарапайым бұқараның малын шаппайтыны белгілі.
Ел ішіндегі даулы оқиғалар ушығып бара жатқан соң Ақмола уезінің бастығы Омбының әскери губернаторының атына (1898 жылдың 1 қазанында) рапорт жазуға мәжбүр болады. Жазған рапортында Иманжүсіпке: “На первых же днях вступление
моего в управление Акмолинским уездом (1893г.) вырисовывались весьма неблагонадежность киргиза Акмолински волости – Иман-Джусупа Кутпанова... Проживая в 25 верст от гор. Акмолинска у самого селение Александровского, им обкрадено поголовно и последнее, а путь между Акмолинском и Александровском стал не проезжим от воруженных нападений Иман-Джусупа, разбойничие действие и личность которого в устах всего русского, так и туземного население стали легендарными” деп сипаттама береді.
Сонымен, бірге ол өзінің шағым-рапортында Иманжүсіптің өмір тарихына сипаттама бере кетіп, оған жаны ашып, қолдау көрсетіп жүрген бірқатар орыс шенеуніктерінің де аты-жөнін жіпке тізгендей қылып көрсетеді. Иманжүсіптің Ақмоланы былай қойып, Павлодар, Қарқаралы уездері аймағындағы қазақтар мен орыстарға танымал, әрі беделді екенін қинала да қынжыла отырып баяндайды.
Міне, осыдан кейін Иманжүсіпті тұтқындау үшін арнайы жазалаушы отряд шығарылғанымен, олар дала ноянын қолға түсіре алмайды. Ызаға булыққан жазалаушы отряд әлденеше рет батырдың ауылын шауып, қартайған әке-шешесі мен бала-шағасын соққыға жығып, ағасы Ақшабайдың 200-ден астам жылқысын айдап алып кетеді. Ақыры мұжықтар Мәтінің Шәрібі деген болыстың жәрдемімен Иманжүсіпті қапылыста қолға түсіреді. Сөйтіп, қиянатшыл заманның жаласына ұшыраған Иманжүсіп Өскемен уезіне бес жылға жер аударылады.
Жабылып тұр ұлықтан жала маған,
Көре алмаған көп дұшпан табалаған.
Ақмешіттің барғанда базарына,
Орыс, қазақ көрем деп қамалаған.
... Сарысуды ауылым жанай қонған,
Әкем – Құтпан, ағайым – Шоңай болған.
Қазы, қарта әкелсе жемеуші едім,
Түрменің қара наны балдай болған, – деп ашынатын тұсы осы шама болса керек.
Ал, құлан далада құлдыраңдаған есіл ерді торға түсірген Мәтіннің Шәрібі деген кім? Сері мен арасындағы қарым-қатынас қандай болды? Осы төңіректе бірер сөз.
Иманжүсіп болыстар мен оязбен сілкілесіп жүргенде оны өзі дос деп санайтын Мәтіннің Шәрібі дейтін болыс ауылына шақырып, ән салдырып, еркелетіп, сыйлап жүреді. Сыйластық арты араларынан қыл өтпейтін үлкен достыққа ұласады. Сол Шәріп бір жолы Ақмола еліне белгілі өңшең бір ығай мен сығай игі жақсыларды қонақ етіп Иманжүсіпті ардақтап, сыйлап бағады. Ән десе ет жүрегі елжіреп, арқасы қозған қазақпыз ғой, сол тойда кең тынысты сері ән бұлағын ағыл-тегіл ағызады-ай келіп. Ән арқылы наз-нала сірескен кеудесін босатады. Дуылдасқан мерейлі топқа масайраған Шәріп «Батыр, көрдің бе, бұл үйде кімдер отыр?» дейді. Сонда ет қызуын баса алмай асқақтаған Иманжүсіп:
«Е, Шәріп, бұл шіркіндер менің әнімді тыңдауға келіпті» депті. Кейін қуғында жүрген серіні осы ескі досы Шәріп өз ауылында ұстатып береді. Сары далада сылаңдап сағымдай бұлдырап жүрген әнші осылайшы қапылыста қолға түседі.
«Жапалақ жалпылдайды жар басында» деп басталатын шумақтары осы оқиғаға байланысты туса керек:
Жапалақ жалпылдайды жар басында,
Немене жоқтың күні бар қасында.
Дос болып қас қылғаннан сақта Құдай,
Қасқыр да қас қылмайды жолдасына.
Ер емес, қатын екен болыс Шәріп,
Мен болдым осы күнде тірі ғаріп.
Бір арыз гүбірнаға жіберіп ем,
Білмеймін не боларын арты барып.
Ақмола мен Кереку төңірегіндегі шонжарлардың шырқын бұзған қайран ер осылайша қолға түседі. Темір торлы абақтыда еркін дүниені бір көруге зар болған Иманжүсіп:
Күнім қайда баяғы таңдай атқан?
Қараөткелдің көшесін дабырлатқан.
Бидайықтай ілуші ем аққу, қазды,
Жарқанат болғаным ба бұғып жатқан?
Нем бар еді иесіз шөлге барып?
Нем бар еді иесіз көлге барып?
Айдауменен барамын амалым жоқ,
Ақ сауыт пен ақбоз ат үйде қалып, – дейді.
Қалай болғанда да содыр саясат өз дегенін істеп Иманжүсіп 1931 жылы 2 наурызда Тараз абақтысында атылады. 1960 жылы 13 ақпанда Жамбыл облыстық прокуроры наразылық білдіріп, облыстық сот Иманжүсіптің тергеу ісін қарады. Сөйтіп, оның қылмыстық әрекеті толық дәлелденбеген деп қылмыстық істі қысқартты. 1992 жылы 25 маусымда Қазақстан Республикасы бас прокуратурасы Иманжүсіп ісін қайта қараған. Нәтижесі бойынша жазылған анықтамада былай делінген:
«...нет данных о существовании самой банды. Какое население пострадало от этого, непонятно. Нет никаких сведений о вооруженном восстании, а также участии в них обвиняемых. Но даже если они и участвовали, то и тогда подлежат оправданию, ибо такие действия со стороны осужденных было вызвано незаконными действиями представителей Советской власти (незаконная конфискация, ссылка и т.д.). В этой связи считать их реабилитированными. Прокурор управления по надзору за законностью судебных актов Прокуратуры КазССР»
Әділет үшін алысқан жеке батырдың аты аңызға айналып, атақ-даңқы мен қысылған қиын шақтарда жүрегін жарып шыққан әндері қазақ даласын шарлап кетті. Туған жердің топырағын аңсаған ақын:
Зая кетті дұшпанға қылған ерлік,
Жасап едім жасымнан көп есерлік.
«Мың асқанға бір тосқан» деген сөз бар,
Соның бәрін ақыры көзбен көрдік.
Ішім өлген, дүние-ай, құр сыртым сау,
Маған десең, көз жасым, жаңбыр боп жау.
Бүркіт салып басыңа шығар ма едім,
Бір көрінші көзіме, Ерейментау.
Несібемді жазған екен менің түзден,
Қойыпты күдер үзіп ел-жұрт бізден.
Қайран ел, оқта-текте еске түссең,
Жасымды тия алмаймын екі көзден, – дейді.
Ақтау мен Ортауды, Бұғылы мен Тағылыны шарлап жүріп армансыз жастық дәуренін құрған ол:
Абылай аспас Арқаның сары белі,
Қуандық пен Сүйіндік жайлайды елі.
Қырық мың жылқы су ішсе лайланбас,
Нияздың Аюлы мен Қара көлі.
Көлденеңдеп Сарысу, аққан Нұра,
Даланы тілгілеген қанша жыра.
Сарыарқаның сыңсиды ен даласы,
Шөбі болған закускам, суың сыра, – деп тебіренеді.
Иманжүсіп өлеңдері жалпы сал-серілер өлеңдерінің үлгісімен жазылған. Кей өлеңдерінде Абай поэзиясының ықпалы қылаң береді. Абай:
Ішім өлген, сыртым сау,
Мен не қылдым, япырмау? – деп зарланса, Иманжүсіп:
Ішім өлген, дүние-ай, құр сыртым сау,
Маған десең, көз жасым, жаңбыр боп жау – дейді.
Сондай-ақ,
Сарыарқаның сыңсиды ен даласы,
Шөбі болған закускам, суың сыра, – деген жолдар сол кездегі орыс тілінің қазақ жеріне еніп жатқанының куәсі бола алады. Иманжүсіп шығармашылығында да басқа сал-серілердің бәріне тән өз-өзін асқақтата жырлау дәстүрі кең өріс алған:
Қыран едім, қор болдым торға түсіп,
Аспаныма шығармын бір күн ұшып.
Мың қатыны қазақтың ұл тапса да,
Бірі де бола алмайды Иманжүсіп, – дейді есіл ер. Және Иманжүсіп өз өлеңдерінде теңеу тәсілін көп пайдаланған.
Мен қалайша жалғанда тұрақтайын,
Өрт тиіп лаулап жанған құрақтаймын...
Немесе,
Тоғыз жасар Дәулетхан жетім қалды,
Тірі жүрген қасқырдың баласындай, – деп өзін лаулаған өртке, көкжал қасқырға теңейді.
Жалпы алғанда, Иманжүсіп шығармашылығы бір күнде айтып тауысатын дүние емес. Иманжүсіп болмысы бір парақпен дараланатын болмыс емес. Иманжүсіптің басқа серілерден өзгешелігі де ақындығына, әншілігіне, балуандығына қоса мінезінің өрлілігінде, өткірлігінде. Ол қазақтың азаттығы үшін арпалысып өткен әулеттің бір бұтағы болған. Сатқындық пен опасыздықты, әділетсіздік пен қуғындауды көп көрген. Сонда да қайыспай, бәзбіреулер секілді биліктің сойылын соққан жандайшап, қолшоқпар болмаған. Сол үшін де Иманжүсіп тұлғасы барынша дара.
Н.Нақыпов,
Н.Бекежанов мемориалдық
өнер музейінің қор сақтаушысы.