ЖАҢҒЫРҒАН ӨЛКЕ
Бес ғасыр адамын дүниеге алып келген киелі Шиелі өңірі жыл өткен сайын ажары айшықталып келеді. Жолдары жөнделіп, орнатылған шамдары самаладай жарқырап, сәні келіскен әсем ғимараттар бой көтеруде. Ал түнгі Шиеліге енетін болсаңыз ғажайып әлемге тап боласыз. Жол жиегіндегі түрлі-түсті жарықтар, әсем безендірілген аркалар көздің жауын алады. Соның бір айғағы жаңа жылдың жаршысындай болып ауданымыздың кіре беріс қақпасынан Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында қойылған кіші макетінің бой көтеруі. Жалпы, рухани жаңғыру логативіне терең бойлап, астарына үңілсеңіз қазақ еліндегі бибітшілікті бірден аңғарасыз. Ондағы көк асапанда қалықтаған қыран бейнесі еліміздің тәуелсіздігін айшықтап, Отанымыздың қарыштап дамып жатқанын көрсетеді. Ал, қыран қауырсындарының түрлі-түсті бояумен өрнектелуі болса, Қазақстанды мекен еткен 130-дан астам ұлт пен ұлыстың ынтымағы мен бірлігі жарасып, тату-тәтті өмір сүріп жатқанының айғағы іспеттес. Кенттің кіре берісінен көкке көтерілген қыран құс Шиелі асапанында мәңгі қалықтай берсін демекпіз.
«Өскен өңір» ақпарат.