Дала, егіс алқаптарының өртінен сақтанайық
Адам өмірін және дүние мүлікті өрттен сақтау әрбір азаматтың борышы. Ата-бабаларымыз «жеті жұттың» біріне санаған өрт апатын шындығында тілсіз жау деуге тұрарлық. Қазіргі кезде яғни, күз айларында елді-мекендерде ескі қоқыстар мен шөп қалдықтарын, егіс жинау кезінде, жер айдау алдында сабан қалдықтарын өртегенде отты бақылаусыз қалдыруға болмайды. Негізгі кез келген жерде ашық от пайдалануға қатаң тиым салынады. Шаруашылықтар мен үйлердің жазғы мал қоралары елді-мекендердің шалғай орналасуына байланысты өрт бола қойған жағдайда оны сөндіретін өрт автокөліктері тез арада бара алмайды.
Сол себептен, ұжымдардағы су таситын автокөлік, қолда бар басқа да техникаларды өрт сөндіруге бейімдейік. Өрт шыға қалса аталған техникаларды қолда бар өрт сөндіретін құралдармен өртті шығынсыз сөндіру әр азаматтың міндеті. Жыл сайын аудан көлемінде күз айларында шаруашылық басшылары және жеке азаматтардың жауапсыздығынан дала өрттері пайда болып табиғатқа көп зиян келтіреді. Көп өрттер азаматтардың өрт қауіпсіздік ережелерін білмегендіктен және немқұрайлықтан болады.
Орман, тоғайлы жердегі өрттердің шығуының көп себептері орман бақылаушысының жоқтығын пайдаланып кейбіреулер өз еркінше от жағады да оны өшірмей кетеді. Дала өрті қоғамымызға әлеуметтік-экономикалық дамуын жеделдетуге белгілі бір дәрежеде нұқсан келтіреді. Өйткені, дала өртіне мал жайылымдары, шабындықтар, желге қалқан болатын, табиғатқа көрік беретін әсем ағаштар мен өсімдіктер, онда мекендейтін жануарлар ұшырайды. Табиғат байлығын қорғауда орман шаруашылығы мекемесі қызметінің маңызы зор.
Құрметті аудан тұрғындары! Осы шараларды мұқият орындап өртті болдырмауды және оның алдын алу жағдайларын қарастырып, баршамыз тілсіз жаудан аман болайық.
Өрт болған жағдайда: 101, немесе 4-25-76, 35-3-39 телефонына хабарласыңыздар.
Қ.Базарбек,
аудандық төтенше
жағдайлар бөлімінің инженері,
азаматтық қорғау лейтенанты.