Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Өрттің алдын алайық

Өрттің алдын алайық

Өрт – тілсіз жау! Қоғамымызда өртке байланысты оқиғалардың орын алып жатқаны барлығымызға мәлім. Өрттің адам өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға және материалдық құндылықтарға орны толмас зиян келтіретіні барлығымызға айдан анық. Сонымен қатар, адамдардың өкінуіне тура келіп жататын жайттар аз емес. Осыған сәйкес, ауданымызда жыл басынан бергі өрт оқиғаларының қорытындысы да біраз нәрсені еске түсіретіндей. Шиелі ауданының төтенше жағдайлар бөлімінде 2018 жылдың қазіргі таңға дейін 23 өрт оқиғасы тіркелді. Материалдық шығын – 337000 теңгені құрады, (2017 жылы – 21 өрт, шығыны – 4146000теңге). Өрттің негізгі көрсеткіштері тұрғын үйлерде (16), автокөліктерде (7) орын алған. Әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар өрт оқиғалары бойынша 1 – жеке тұлғаға ескерту түріндегі әкімшілік шарасы көрілді. Осыған байланысты, тұрғындарға өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау, өрттің және төтенше жағдайлардың алдын алу, болдырмау мақсатында 3150 жеке тұрғын үйлер араланып, 14735 тұрғындарға өрт қауіпсіздігі жөнінде үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп, 2797 дана жадынамалары таратылған.
Орман, дала өрттері және де егіс жинау маусымына байланысты өрт қауіпсіздігін сақтау бойынша шаруа қожалықтардың басшыларымен бірлесе отырып, бірқатар жұмыстар ауқымды түрде атқарылуда.
Атқарылған жұмыстардың нәтиже­лері Шиелі аудандық төтенше жағдай­лар бөлімінің «Facebook» парақшасында жарияланып отырады.
Ауданымыздағы нысандарға өрт қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша Шиелі ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің І, ІІ жарты жылдық жоспарына сәйкес және де жоспардан тыс бақылау бағытында, сондай-ақ, Ресей Федерациясының Кемерова қаласындағы «Зимняя вишня» сауда-сауықтыру орталығындағы 64 адамның өмірін қиған ірі өртке байланысты сауда және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің білім беру объектілеріне тексеру жүргізілді. Бөлімнің мемлекеттік өрт бақылау инс­пекторларымен барлығы 166 нысанға, оның ішінде 68 нысанға ерекше тәртіп бойынша, 40 нысанға жоспардан тыс бақылау бағытында, 58 нысанға ҚР Бас прокуратурасының және ҚР ІІМ тапсырмасына сәйкес жоспардан тыс тексерілді. (2017 жылы – 93, оның жоспарлы – 89, жоспардан тыс – 4). Былтырғы жылмен салыстырғанда тексеру 73 нысанға немесе 43 пайызға көбейген. Айта кететін жайт, жыл басынан аудан көлеміндегі нысандарда өрт оқиғалары орын алған (2017 жылы 3 өрт оқиғасы).
Шиелі ауданының төтенше жағдай­лары бөлімімен 120 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралып, соммасы 25/529100 (2017 жылы 42/1576955) теңге айыппұл салынып, толығымен өндірілді. Оның ішінде тексеру қорытындысы бойын­ша, 119 әкімшілік іс, орын алған өрт оқиғалары бойынша – 1 (2017 жылы 5/79415).
17 нысанға бақылау бағытында жоспардан тыс тексеру жұмыстарын жүргізу барысында кемшіліктердің толық орындалмағаны анықталып, Шиелі аудандық сотына нысандардың жұмысына қатысты уақытша тоқтату туралы өтініші жолданып, сот шешімімен 3 198 650 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Қалай айтқанда да, бұл тек қағаз бетіндегі факт, көзіміз көріп жүрген жерімізді өрт шалудан сақтайық. Дегенмен, «Сақтансаң, сақтаймын» деген халық арасында сөз бар. Қандай жерде болсын өрт болып жатқан орынды байқасаңыз, қолыңыздағы ұялы телефонмен 101 немесе 112 нөміріне қоңырау шалып, өрт сөндіру мекемесіне хабар беріңіз. Қайда жүрсекте айтып келмейтін төтенше жағдайлардан сақ болып, сақтанып жүрейік.
Ж.Мампаев,
аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі.
22 тамыз 2018 ж. 3 256 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930