Орман-тоғайды өрттен қорғайық
Құрметті аудан тұрғындары, өрттің тілсіз жау екенін және өрт болған жерде көптеген шығындар келтіретінін бәріміз де жақсы білеміз. Осыған орай келе жатқан мезгіл, көктем, жаз айлары өртке өте қолайлы уақыт.
Орман-тоғайларда өрт болса ол оңайлықпен сөнбейді, айналасындағы бірнеше метрлерге дейінгі өсімдік ағаштарын жояды. Сонымен қатар бау бақша егу мақсатында егістік жерлерді дайындау кезінде өрт қауіпсіздігі шараларына онша мән бермей, шөп-шалаңды бей-берекет жағуының арты орман-тоғай өртіне айналып жатқаны шындық.
Сондықтан, табиғат берген байлықты сақтап, орман қорын қорғап, өсімін молайтуға көпшілік болып атсалысуымыз керек. Жалпы, табиғат байлығын бағалай білейік ағайын!
Құрметті аудан тұрғындары, өрт тілсіз жау екенін ұмытпаңыздар. Салғырттыққа жол бермей, баршамыз тілсіз жаудан аман болайық. Өрт болған жағдайда 101,112 немесе 4-25-76, 3-53-39 телефонына хабарласыңыз.
Ш. Шеразов,
аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің инженері,
азаматтық қорғау аға лейтенанты.