Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ӨРТТЕ ӨСІМ ЖОҚ

ӨРТТЕ ӨСІМ ЖОҚ


АУДАН ӘКІМДІГІНІҢ БАСПАСӨЗ ОРТАЛЫҒЫНДАҒЫ МІНБЕРГЕ КЕЛЕСІ БОЛЫП, ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ ШАХМАРДАН ШЕРАЗОВ КӨТЕРІЛДІ. ОЛ, «ӨРТТІҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА ӘҢГІМЕ ӨРБІТТІ.
Ш.Шеразовтың айтуынша, жыл басынан бері 20 өрт оқиғасы орын алған. Бұл өткен жылдың алты айлық қорытындысымен салыстырғанда тең екен. Яғни, 20 оқиға. Өсу-кему жоқ. Биыл орын алған оқиғаларға тоқталсақ, тұрғын секторында (14 өрт) және көлікте (6 өрт) орын алған. Бұлардың басым көпшілігінде отты қолдану кезіндегі абайсыздықтан, электр жабдықтарын, қондырғыларын, желілерін құру, пайдалану ережесінің бұзылуынан туындаған.
Осыған байланысты тұрғындарға өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау, өрттің алдын алу, болдырмау үшін 2479 жеке тұрғын үйлер араланып, 11 717 жеке тұрғын үйдің тұрғындарына өрт қауіпсіздігі жөнінде үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп, 2 295 дана жадынамалары таратылған.
Бұдан өзге бөлім басшысының міндетін атқарушы орман дала өрттерінің алдын алу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы хабардар етті.

Е.ДАТҚА.
10 шілде 2018 ж. 1 350 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9345)

14 қазан 2025 ж.

№77 (9344)

11 қазан 2025 ж.

№76 (9343)

07 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031