Экология мәселесі мәжілісте қаралды
Апта басында аудан әкімдігінің мәжіліс залында облыс әкімінің орынбасары Серік Қожаниязовтың төрағалығымен көшпелі мәжіліс өтті.
Жиында кәріз су жүйелерінен баратын лас сулардың қоршаған ортаға кері әсері, тұрмыстық қатты қалдықтарды тастайтын полигондардың талапқа сай болуы, қалдықтарды тасымалдауға байланысты бекітілген тарифтер төңірегінді сөз болды. Оған облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Медет Усаин, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Жұлдызай Айтжанова, экология департаментінің басшысы Марат Құрманбаев және аудандағы осы салаға қатысты бөлім басшылары мен кент және ауылдық округ әкімдері қатысты. Басқосуды аудан әкімі Әшім Оразбекұлы жүргізіп отырды.
Г.СӘБИТҚЫЗЫ.