ГҮЛНҰР ОРАЗЫМБЕТОВА ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫНДА ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ
Бүгін Шиелі кентіндегі №294 сайлау учаскесіне Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің кавалері, әнші, тележүргізуші Гүлнұр Оразымбетова келіп, Құрылтай сайлауында өз таңдауын жасады.Өнер саласында өзіндік қолтаңбасы бар Гүлнұр Оразымбетова ел өміріндегі маңызды қоғамдық-саяси науқанға қатысып, азаматтық ұстанымын білдірді.
Сайлау учаскесіне келген өнер иесі өз таңдауын жасап, елдің болашағы мен қоғамның дамуына қатысты азаматтық жауапкершілігін танытты.
Шиелі ауданында сайлаушылардың белсенділігі жоғары. Әр буын өкілдері өз таңдауын жасап, ел өміріндегі маңызды науқанға атсалысуда.
@Шиелі ауданы әкімінің баспасөз қызметі








