ЖАС САЙЛАУШЫЛАР ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ

Құрылтай сайлауы күні Шиелі ауданындағы жас сайлаушылар сайлау учаскелеріне келіп, өз таңдауларын жасап, азаматтық белсенділіктерін танытуда.
Жастар ел өміріндегі маңызды қоғамдық-саяси науқанға белсене қатысып, өздерінің конституциялық құқықтарын жүзеге асырды.
Жас сайлаушылардың белсенділігі – өскелең ұрпақтың ел тағдырына бейжай қарамайтынын, қоғамның дамуына өз үлесін қосуға дайын екенін көрсетеді.
Бүгінгі жас – ертеңгі ел тізгінін ұстайтын азамат. Сондықтан әрбір жастың жасаған таңдауы – елдің болашағына деген жауапкершіліктің көрінісі.
Шиелі ауданында жастардың сайлауға қатысу белсенділігі жоғары.
@Шиелі ауданы әкімінің баспасөз қызметі




