АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ТӨРАҒАСЫ ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫНДА ДАУЫС БЕРДІ
Бүгін Шиелі аудандық мәслихатының төрағасы Мұрат Тұрабаев Құрылтай сайлауында өз таңдауын жасады. Сонымен қатар аудандық мәслихаттың халық қалаулылары да сайлау учаскелеріне келіп, өз азаматтық таңдауларын жасауда. Айта кетейік, Шиелі ауданында Құрылтай сайлауына арналған 41 сайлау учаскесі жұмыс істеуде. Оның 14-і аудан орталығы – Шиелі кентінде орналасқан. Аудан бойынша сайлаушылардың жалпы саны 49 541 адамды құрайды.Сайлау учаскелерінде дауыс берушілер үшін барлық қажетті жағдай жасалған. Аудан тұрғындары белсенділік танытып, өз таңдауын жасауда.
@Шиелі ауданы әкімінің баспасөз қызметі







