Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ШИЕЛІДЕ САЙЛАУ УЧАСКЕЛЕРІНДЕ ДАУЫС БЕРУ ҚАРҚЫНЫ ЖОҒАРЫ

ШИЕЛІДЕ САЙЛАУ УЧАСКЕЛЕРІНДЕ ДАУЫС БЕРУ ҚАРҚЫНЫ ЖОҒАРЫ



Шиелі ауданындағы сайлау учаскелерінде дауыс беру қарқыны жоғары. Аудан тұрғындары белсенділік танытып, өз таңдауларын жасауда. Сайлаушылар қатарында қариялар, жастар, жас жұбайлар және түрлі сала өкілдері бар.

Қазіргі таңда Шиелі ауданында барлығы 41 сайлау учаскесі жұмыс істеуде.
Сайлау учаскелерінде тұрғындардың дауыс беруіне барлық қажетті жағдай жасалған. Сайлау үдерісі белгіленген тәртіппен жүргізілуде.

Шиелі кентінде тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында 3 бағыт бойынша қоғамдық көлік тегін қатынауда. Бұл сайлаушылардың сайлау учаскелеріне еркін әрі ыңғайлы жетуіне мүмкіндік беріп отыр.
Сонымен қатар Иманжүсіп Құтпанұлы атындағы орталық алаңда және орталық сапаржайда Құрылтай сайлауына орай ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылуда. Жәрмеңкеде жергілікті шаруалар мен кәсіпкерлердің өнімдері тұрғындарға қолжетімді бағамен ұсынылуда.

Сайлау күні тұрғындарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлау мақсатында мәдени-көпшілік және спорттық шаралар ұйымдастырылуда. Сайлау учаскелерінің маңында киіз үйлер тігіліп, ұлттық тағамдар – бауырсақ, айран және басқа да дәмдер ұсынылуда.

Шиелі ауданында Құрылтай сайлауына қатысу белсенділігі жоғары. Аудан тұрғындары өз таңдауын жасап, азаматтық белсенділіктерін танытуда.

@Шиелі ауданы әкімінің баспасөз қызметі
23 тамыз 2026 ж. 37 0