Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » АУДАН ӘКІМІ ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫНДА ДАУЫС БЕРДІ

АУДАН ӘКІМІ ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫНДА ДАУЫС БЕРДІ

Бүгін Шиелі ауданының әкімі Айтбай Жандарбеков Шиелі кентіндегі №287 сайлау учаскесіне барып, Құрылтай сайлауында дауыс беріп, азаматтық таңдауын жасады. Барлық сайлау учаскелерінде тұрғындардың дауыс беруіне қажетті жағдай жасалып, сайлау үдерісі белгіленген талаптарға сәйкес ұйымдастырылуда. Сайлаушыларға қолайлы жағдай қалыптастыру мақсатында Шиелі кентінде 3 бағыт бойынша қоғамдық көліктер тегін қатынауда. Бұл тұрғындардың сайлау учаскелеріне еш кедергісіз әрі ыңғайлы жетуіне мүмкіндік беріп отыр.
Сондай-ақ Иманжүсіп Құтпанұлы атындағы орталық алаңда және орталық сапаржайда ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Жәрмеңкеде жергілікті шаруалар мен кәсіпкерлердің өнімдері тұрғындарға қолжетімді бағамен ұсынылуда.
Сайлау күніне орай тұрғындардың көңіл-күйін көтеріп, қоғамдық белсенділікті арттыру мақсатында мәдени-көпшілік және спорттық іс-шаралар да өткізілуде. Сайлау учаскелерінің маңында киіз үйлер тігіліп, келушілерге бауырсақ, айран және ұлттық тағамдар ұсынылуда.
Шиелі ауданында Құрылтай сайлауына қатысу белсенділігі жоғары. Тұрғындар өз таңдауын жасап, ел өміріне деген азаматтық жауапкершілігі мен белсенділігін көрсетуде.
23 тамыз 2026 ж. 42 0