Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » "Биылғы сайлау ерекше": Нұрсұлтан Назарбаев өз таңдауын жасады

"Биылғы сайлау ерекше": Нұрсұлтан Назарбаев өз таңдауын жасады


 
Бүгін Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтіп жатыр. Оған түрлі партиялар мен қоғамдық ұйымдар атынан жеті үміткер қатысуда. Сайлау учаскесіне келіп, дауыс берушілердің қатарында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та болды. Ол елордадағы №58 сайлау учаскесіне келіп дауыс берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
  Нұр-Сұлтанның Алматы ауданы №58 сайлау учаскесіне келген ол қазақстандықтарға сайлауға қатысып, болашақ президентке дауыс беруге шақырды.
  Президент сайлауына барлығы келіп, дауыс беріп жатыр. Бұл - тарихи күн. Бұл жай ғана сайлау емес, адамдар өз болшақтарына таңдау жасайды.
  Биылғы сайлау ерекше, себебі билік жаңа ұрпақтың қолына беріліп жатыр. Осы сайлау елімізге табыс әкелсін",-деді президент.
  Айта кетейік, биылғы сайлауда президенттікке үміткер ретінде Қасым-Жомарт Тоқаев, Сәдібек Түгел, Аменгелді Таспиқов, Дәния Еспаева, Төлеутай Рақымбеков, Жамбыл Ахметбеков, Әміржан Қосановтар қатысып жатыр. Алдын ала қорытындылар 10-11 маусым аралығында белгілі болады деп күтілуде.
09 маусым 2019 ж. 933 0