Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Эстония интернет арқылы сайлау өткізуден рекорд орнатты

Эстония интернет арқылы сайлау өткізуден рекорд орнатты


Әлемге интернет арқылы дауыс берудің жалпыұлттық жүйесін жасаған алғашқы ел ретінде танылған Эстониядағы парламент сайлауында жеке компьютер арқылы дауыс бергендер 25 пайыздан асып, рекорд орнатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС-ге сілтеме жасап.
Эстония республикалық сайлау комиссиясының деректеріне қарағанда, парламент сайлауына интернет арқылы алдын ала дауыс бергендер саны 247 мың 232 болған. Ал жалпы сайлаушылардың саны 900 мың шамасында. Дәстүрлі сайлау 3 наурыз күні өтеді. Эстония азаматтары кез келген компьютерден дауыс бере алады. Ол үшін арнайы чип орнатылған куәлік немесе Mobiil-ID виртуалдық цифрлық куәлігі және арнаулы бағдарламалық жасақтама болса жеткілікті. Айта кетейік, интернет арқылы дауыс беру тәжірибесін Эстония әлемде алғаш рет 2005 жылы енгізген.   

inform.kz


01 наурыз 2019 ж. 1 108 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9345)

14 қазан 2025 ж.

№77 (9344)

11 қазан 2025 ж.

№76 (9343)

07 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031