Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ШИЕЛІДЕ САЙЛАУ УЧАСКЕЛЕРІНДЕ МЕРЕКЕЛІК КӨҢІЛ-КҮЙ ҚАЛЫПТАСУДА

ШИЕЛІДЕ САЙЛАУ УЧАСКЕЛЕРІНДЕ МЕРЕКЕЛІК КӨҢІЛ-КҮЙ ҚАЛЫПТАСУДА

Шиелі ауданындағы сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасып, тұрғындарға көтеріңкі атмосфера сыйлануда. Құрылтай сайлауына келген тұрғындарды өнерпаздар әсем әуендерімен қарсы алып, ән-жырдан шашу шашуда. Сонымен қатар келушілерге ұлттық тағамдар мен түрлі дәмдер ұсынылып, ақ дастархан жайылған.

Ұлттық өнер мен салт-дәстүрді дәріптеген бұл бастамалар сайлау күнінің мазмұнын арттырып, тұрғындарға ерекше көңіл-күй сыйлауда.
Аудан тұрғындары сайлау учаскелеріне келіп, өз таңдауларын жасап, азаматтық белсенділіктерін танытуда.

@Шиелі ауданы әкімінің баспасөз қызметі

23 тамыз 2026 ж. 29 0