Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ШИЕЛІДЕ ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ КҮНІ МЕКТЕПКЕ ДАЙЫНДЫҚҚА АРНАЛҒАН ЖӘРМЕҢКЕ ӨТТІ

ШИЕЛІДЕ ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ КҮНІ МЕКТЕПКЕ ДАЙЫНДЫҚҚА АРНАЛҒАН ЖӘРМЕҢКЕ ӨТТІ

Бүгін Құрылтай сайлауы күні Шиелі кентіндегі бірқатар сайлау учаскелерінде жаңа оқу жылына дайындық мақсатында мектеп жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Сайлауға келген тұрғындар жәрмеңкеге де қатысып, балаларға қажетті мектеп формаларын, оқу құралдарын, кеңсе тауарларын, сөмкелер мен басқа да мектепке қажетті керек-жарақтарды қолжетімді бағамен сатып алуға мүмкіндік алды. Мұндай бастамалар сайлау күні тұрғындарға қолайлы жағдай жасап, көтеріңкі көңіл-күй қалыптастыруға бағытталған. Жәрмеңкеде мектепке қажетті тауарлар тиімді бағамен ұсынылып, ата-аналар жаңа оқу жылына қажетті заттарын алдын ала алып, өз таңдауын жасау мүмкіндігіне ие болды. Құрылтай сайлауына қатысып, өз таңдауын жасаған тұрғындар үшін ұйымдастырылған бұл шара сайлау күнінің мазмұнын арттыра түсті.

@Шиелі ауданы әкімінің баспасөз қызметі

23 тамыз 2026 ж. 42 0