ШИЕЛІДЕ САЙЛАУ КҮНІ СПОРТТЫҚ ЖАРЫСТАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУДА
Бүгін Шиелі ауданындағы бірқатар сайлау учаскелерінде тұрғындарға көтеріңкі көңіл-күй қалыптастыру мақсатында спорттық жарыстар ұйымдастырылуда.Сайлау учаскелерінің маңында гір тасын көтеру, арқан тарту, қазақ күресі, қол күресі және басқа да ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өтуде.
Спорттық сайыстарға аудан тұрғындары мен жастары белсенді қатысып, өзара бақ сынауда. Ұлттық спортты насихаттауға бағытталған бұл шаралар тұрғындардың басын біріктіріп, сайлау күнінің мазмұнын арттыра түсуде.
Сонымен қатар Шиелі ауданында тұрғындарға қолжетімді әрі сапалы өнім ұсыну мақсатында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі де ұйымдастырылуда. Жәрмеңкеде жергілікті шаруалар мен кәсіпкерлердің өнімдері ұсынылып, бірқатар тауарлар тиімді бағамен сатылуда.
Осылайша, Шиелі ауданында Құрылтай сайлауы күні азаматтардың өз таңдауын жасауына жағдай жасалып қана қоймай, тұрғындарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтын түрлі мәдени, спорттық және әлеуметтік шаралар ұйымдастырылуда.
@Шиелі ауданы әкімінің баспасөз қызметі









