Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » РУХАНИ АЗЫҚ СЫЙЛАДЫ

РУХАНИ АЗЫҚ СЫЙЛАДЫ

Жақында Алғабас ауылдық мәдениет үйі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен аналар мерекесіне орай, «Анам анасын сағынып жүр, мен анамды жақсы көремін» атты тағылымы мол іс-шара өтті.
Жаңалыққа жаны құмар ауыл тұрғындары шараға бір кісідей атсалысып, аналардың абыройын асқақтатудың жаңа жолын тапқандай. Тамаша кеш көпшіліктің есінде қалды. Бірі, лэд-экрандағы өмірден озған анасымен сырласып сағынышын басып жатса, енді бірі көрермен залында отырған анасына армансыз алғыс жаудырып жатты. Ісшараны ауылдық мәдениет үйінің басшысы Кенжебай Жүсіп жүргізіп отырды. Ол ананы ардақтау керек екенін келген көрермендерге ұғындырды. – Қазақтың аналары – тұнып тұрған ұлттық тәрбиенің, салт-сананың, дәстүр мен ғұрыптың, күрескерліктің тұмасы. Әр Алаш баласы арғы-бергі тарихта және бүгін қазаққа қызмет етсе, ол – қасиетті қазақ анасының ерен еңбегі. Егер біздің бойымызды ұлттық намыстың, қайсарлықтың, өжеттілік пен ерліктің қаны ойнап тұрса, ол – Аналарымыздан. Сол себептен аналарымызды бағалайық, сыйлайық, қастерлейік, құрметтейік, – деді Алғабас ауылдық мәдениет үйінің директоры. Көптің көңілінен орын алған шарада кішкентай балғындар әжелеріне әннен шашу шашты. Сондай-ақ көрермендер арасында көз жасына ерік беріп, бала күндеріне саяхат жасағандар мен жеңгелерімен әдемі қалжыңның үлгісін көрсеткен жастар да болды. Жалпы Алғабас ауылындағы жастардың түрлі үйірмелерге қызығушылығы басым екенін атқарылып жатқан істерден аңғару қиын емес. Себебі мұндағы мәдениет үйінің мамандары үйірме мүшелерін тарта отырып, жыл бойы түрлі жанрдағы шаралармен тұрғындарды таңғалдырып келеді.

Айнұр МАХСҰТҚЫЗЫ
15 наурыз 2025 ж. 303 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (9290)

01 сәуір 2025 ж.

№22 (9289)

31 наурыз 2025 ж.

№21 (9288)

26 наурыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930