Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Арман қырандары алда

Арман қырандары алда



Еліміздің мемлекеттік саясатының басым бағыттарының бірі – мәдениет пен өнерді қолдау. Тамыры терең тарихымен, тағылымымен, дәстүр-салты, өрелі өнерімен әлемді мойындатқан ауқымды жұмыстардың тасасында, ұлт игілігі жолында тер төгіп келе жатқан өнер мен мәдениет саласы қызметкерлерінің қыруар еңбегі жатыр. 21 мамыр – мәдениет және өнер қызметкерлерінің төл мерекесі.
Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасын іске асыруға тиіспіз. Әлем бізді қара алтынмен немесе сыртқы саясаттағы ірі бастамаларымызбен ғана емес, мәдени жетістіктерімізбен де тануы керек» делінген.
Өнер – өміршең, мәдениет – мәңгілік. Екеуі де мән-маңызы жоғары егіз ұғым. Бір халықты екінші халық мәдениеті, өнері арқылы танып, бағалайды. Сондықтан егеменді елімізде өнер мен мәдениетке жіті көңіл бөліп, өнер майталмандарын құрметтеуге зор мән беріледі. Осынау мәдениет қызметкерлерінің мерекесіне орай Нар­тай ауылдық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен аудандық « Қалжың қалта» атты мәдениет үйлері мен клуб қызметкерлері арасында өнер байқауы өтті. Байқаудың мақсаты Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы және Жастар жылы аясында, 21 мамыр мәдениет қызметкерлері күніне орай мәдениет қызметкерлерінің шығармашылығын шыңдау, тәжірибе алмасу, халыққа көтеріңкі көңіл күй сыйлау. Аталмыш байқауда Арман мәдениет үйінің мәдени қызметкерлерінен құралған «Арман қырандары» командасы жүлделі І орынды жеңіп алды. Қанша команда арасынан оза шауып, қазылар алқасына көтеріңкі көңіл күй сыйлаған «Арман қырандары»» командасының мүшесі Әбдіқайым Әлімбетовке жақсы өнер көрсеткені үшін алғыс хат табысталды. Өнер байқауы өте қызықты әрі тартысты өтті.

Айнұр НАЗАРОВА.
21 мамыр 2019 ж. 1 235 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930