Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қос тұлғамен кездесті

Қос тұлғамен кездесті


Н.Бекежанов мемориалдық музейінде Н.Бекежанов мәдениет үйінің ұйымдастыруымен Елбасы Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласының аясында, ауданның дара тұлғалары, Шиелінің шежірелері – ақын Пернебай Ізмәмбетұлы мен күйші Тынысбек Дүйсебековпен кездесу кеш өтті.

Киелі өнерді ұлықтау мақсатында өнер иелерімен Нартай өнер мектебінің директоры Мұхамедәлі Бекпейісов сұхбат жүргізді. Ақын Пернебай Ізмәмбетұлы өмір жолдарынан сыр шертіп, туған жері Қарғалыға арнаған толғауы мен Есенбек мұраларын насихаттады. Бұдан кейін кештің екінші қонағы, күйші, республикалық сайыстарда бас жүлдені қанжығасына байлаған Тынысбек көкеміз сөз алып, өнермен өрнектелген өмірі жайлы әңгіме өрбітіп, күйші Әлшекей мұрасы жайлы сөз қозғап, күйлерін орындап берді. Шара барысында күйші Әділбек Ташимовке сөз беріліп, күмбірлеген қоңыр үнді күйлерін орындады. Кеште Н.Бекежанов мемориалдық өнер музейінің директоры Ғабитбек Көшекбаев мәдени құндылықтар жайлы ой тастап, «Нартай сазы» халықтық-фольклорлық ансамблінің өнер бағдарламасы берілді. Кеш соңында ауылдық мәдениет үйінің директоры Рақымжан Смайлов қонақтарға шығармашылық табыстар тілеп, алғыс хатпен марапаттады.

Рысалды Қалымбетова.
19 ақпан 2019 ж. 1 656 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9345)

14 қазан 2025 ж.

№77 (9344)

11 қазан 2025 ж.

№76 (9343)

07 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031