Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » МАРЖАНЫ СЫРДЫҢ ШИЕЛІМ

МАРЖАНЫ СЫРДЫҢ ШИЕЛІМ



Биыл еліміздегі ауқымды тойлардың тізгіні өз жалғасын тауып жатыр. Астана қаласының 20 жылдық тойынан бастау алған қазыналы той, Қызылорда қаласының 200 жылдық, сондай ақ Шиелі ауданының 90 жылдық мерейтойларымен салтанатын жарастыруда. Аталмыш мерейтойларға орай республика, облыс, аудан көлемінде түрлі мәдени рухани шаралар аталып өтіліп жатыр. Соның бірі, "Арман" мәдениет үйінде ұйымдастырылған, Шиелі ауданының 90 жылдық торқалы тойына орайғы, "Маржаны Сырдың Шиелім" атты мәдениет қызметкерлері арасындағы аудандық ән байқауы. Өнердің үлкен саласының бірі эстрадалық вокалдық ән айту өнері болатын болса, Шиелі аудандық мәдениет қызметкерлері бұл сайыстан да абыройлы нәтижелерге қол жеткізді. Шежірелі Шиелі туралы әндер орындалып, қазақ композиторларының шығармаларымен астасқан ауқымды шара, өнер сүйер қалың көпшіліктің көңілінен шықты дей аламыз. Жүзден озған жүйріктер, жеңіс тұғырынан көрініп, бағалы сыйлықтармен, құрмет грамоталарымен марапатталды.
"Өскен өңір" ақпарат.
04 қазан 2018 ж. 2 515 0